Аталық бездің жарақаты
Мазмұны
Аталық бездің жарақаттарының себебі қандай?
Аталық бездің жарақатының симптомдары қандай?
Аталық бездің жарақаттары қалай емделеді?
Жалпы ақпарат
Аталық бездерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік түзіліс) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағзалар.
Аталық бездің жарақаттарының себебі қандай?
Аталық бездің жарақаттары өтіп кететін (мысалы, пышақтан, қарудан) немесе сырттай (затпен соққы) болатындығына қарамастан, олардың барлығы аталық бездің ішінара және толық жарылысына, аталық безді жоғалтуға апаруы мүмкін,
Оқ немесе пышақ секілді өтіп кететін заттардан болатын жарақаттар ұманың аздаған зақымдануына, және қантамырлары мен аталық бездің өзінің ауыр жарақаттарына апаруы мүмкін. Сондай-ақ, жарақаттар тікелей соққыдан болуы мүмкін, мысалы, бейсбол ойынында, бұл кезде аталық бездің қабығы жарылуы және оның қантамырлары зақымдануы мүмкін.
Аталық бездің жарақатының симптомдары қандай?
Аталық бездің немесе ұманың жарақатында алғашқы симптом ретінде күшті ауырсыну пайда болатындығына қарамастан, жарақаттың ұманың ішінде зақымдану туындататындығын ескеру қажет. Аталық бездің қабығының зақымдануында немесе жарылуында қан кетуі пайда болады, қан ұманы созып, ширықтырады. Сонымен қатар, қанның жиналуы инфекцияға апаруы да мүмкін, сондай-ақ, аталық безді жоғалту нәтижесінде немесе қалған аталық безді өзіндік иммундық жүйенің зақымдауында бала өрбітуде мәселелер пайда болуы мүмкін. Ауыр жарақаттарда зақымданған аталық безді ішінара немесе толық алып тастау қажет болуы мүмкін.
Аталық бездің маңындағы күшті ауырсыну эпидидимитке – аталық бездің қосалқысының жұқпасымен немесе қабынуымен байланысты болуы мүмкін. Эпидидимитте қосалық аталық безбен қоса аздап ісініп, қабынады. Бұл ауруды емдемесе, қан айналымы бұзылысы салдарынан аталық безді жоғалтуға апаруы мүмкін.
Жоғарыда аталған симптомдар әдетте, жеңіл емделеді. Бірақ, бір таң қалатыны, аталық бездің ісіктерінің едәуір саны аздаған жарақаттардан кейін, аталық бездерді мұқият қарағанда анықталады. Көптеген ерлер өздерін дұрыстап қарағанға дейін аталық бездің қабығының үстінде болатын ауырсынбайтын, қатты түзілістің бар екендігін біле бермейді. Көпшілік соққыны елемей, медициналық көмекке жүгінбей, қателеседі. Аталық бездің жарақаты шұғыл медициналық көмекті талап етеді! Егер аталық бездің қатерлі ісігі ерте сатысында анықталса, оны емдеп, жазуға болады. Кеш сатысында анықталған қатерлі ісіктер көбінесе, операцияны, сәулелік, химиялық емдеуді талап етеді.
Ұманың жарақатын алған ерлер уролог-дәрігерге баруы қажет. Медициналық көмекке жүгіну себептері:
- Ұманың кез келген өтіп кеткен жарақаттары
- Ұманың соққысы және/немесе ісінуі
- Несеп шығарудың қиындауы немесе несепте қан болуы
- Аталық бездің жарақатынан кейін пайда болатын қызба.
Аталық бездің жарақаттары қалай емделеді?
Уролог аталық бездің зақымдану дәрежесін қарапайым медициналық қарап, тексеруде анықтай алады. Жарақат және аурудың тарихы туралы сұрақтардан кейін уролог ұманың ішін зерттеуге кіріседі. Бұл кезде дәрігер аталық безді жауып тұрған қабықшаны, және аталық бездің жұмсақ қосалқысын жеңіл табады. Дәрігер аталық бездің құрылысын, тамырларын сезінуі қажет, олардың зақымданбауын білу үшін.
Егер барлығы қалыпты болса, және қандай да бір зақымдану болмаса, уролог ауырсынуды басатын препараттарды тағайындайды, мысалы, ацетаминофен немесе ибупрофен. Науқасқа ұманы ұстау үшін Джок белдігін киіп жүру ұсынылады.
Егер урологқа зақымдану түсініксіз болса, ұманың УДТ (УЗИ) тағайындалады. Тексеру барысында дәрігер ұманың, аталық бездің, қосалқыларының, ұрық түтігінің бейнесін алып, қан ағымын зерттейді.
Көрнекі әдістердің ешқайсысы 100% дәлдік бермесе де, ультрадыбыстық зерттеу – таңдаулы әдіс, себебі, оны орындау жеңіл, рентген сәулесі қолданылмайды, ұманың құрылысын айқын бейнелейді. Сирек жағдайда урологтар МРТ тағайындайды, бұл күрделі тексеру түрі, ол УДТ (УЗИ) кейін көптеген сұрақтар қалса, өткізіледі.
Егер кез келген көрнекі тексерулерде аталық бездің жарақаты анықталса, әдеттегі әрекеттер алгоритмі – жалпы наркозбен операция жасау, ол кезде ұмада тілік жасалып, ішіндегісі зерттелінеді. Егер аталық бездің жарылуы аз және оны қалпына келтіру мүмкін болса (қанмен жақсы қамтамасыз етілу, аталық бездің қалған бөлігінің жақсы сақталуы), уролог әдетте, ақауды тігіс салумен қалпына келтіреді, содан кейін ұмадағы тілікті тігіспен жабады. Кейде дренаж мақсатында ұмада пластик түтік қалдырылады. Бұл кезде түтік бойымен қан және басқа сұйықтық алынып тасталынады.
Кейде жарақат күрделі болуына сай, аталық без қалпына келмейді. Мұндайда уролог аталық безді алып тастайды. Бұл дегеніміз – бедеулік емес. Екінші аталық без сау болса, бала өрбіту қабілеті сақталады. Сонымен қатар, науқастың гормон деңгейі тұрақты болуы тиіс, себебі, бір ғана аталық без қызмет етеді.
Егер науқасты қарау және УДТ (УЗИ) жарақат эпидидимитке байланысты болғандығын көрсетсе, хирургиялық емдеудің қажеті жоқ, науқасқа қабынуға қарсы дәрілік препараттар тағайындалады, мысалы, ибупрофен және Джок белдігін киіп жүру ұсынылады. Қажет болса, уролог антибиотиктерді тағайындайды. Ісіну әдетте, 6-8 апта ішінде өтеді. Өзгерісті бақылау үшін науқасқа бірнеше рет урологқа көріну қажет. Алайда, дәрілер және Джок белдігі көмектеспейтін болса, хирургиялық операция және аталық безді алып тастау қажет болуы мүмкін.