Атопиялық дерматит
Атопиялық дерматит дегеніміз - теріге бөртпелер шығып және оның қышуымен сипатталатын терінің жұқпалы емес ауруы.
Атопиялық дерматит тұқым қуалайтын ауру.Егер ата-анасының немесе жақын туыстарының біреуінде атопиялық дерматит,демікпе немесе аллергиялық ринит болса онда балада осы аурудың пайда болуы 50% құрайды.Сонымен қатар атопиялық дерматитпен ауыратын туысқандарының 30% аллергияның көріністері көрінбеуі мүмкін.
Атопиялық дерматит көп себептерден болатын ауру.Аурудың пайда болуына және ауырлық дәрежесіне адамның ішкі және сыртқы жағдайлары әсер етеді.
АД дамуына алып келетін негізгі қауіп қатер тобына мыналар жатады.
- · Жақын туысқандар арасында аурудың болуы
- · Жүктілік кезінде анасының дурыс тамақтанбауы және баласын емшек сүтімен ретті емізбеу.
- · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының зиянды әдеттерге жақын болуы (темекі тарту,алкоголь ішу).
- · Баласын ерте жасанды тамақтандыру және емшек сүтіне жәй алу.
- · Күн тәртібін сақтамау және тері күтімінің нашар болуы.
- · Вакциналарды алу реттілігін бұзу.
- · Қолайсыз ауа-райының әсері.
- · Өмір сүруге қолайсыз жағдайлар,экологияның және тұрмыс жағдайының нашар болуы.
- · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының антибактериальды дәрілерді қабылдауы.
- · Туа біткен асқазан-ішек жолдарының ауруларының болуы-энзимопатия, дисбактериоз.
Атопиялық дерматит алғаш рет баланың-нәресте, жасөспірім және ересек кездерінде ауыр ағымда көрініс береді.
Диатез (атопиялық немесе экссудативті диатез) деп-емшек сүтіндегі балалардағы атопиялық дерматитті атайды.50% жағдайда ерте нәрестелік кезеңде көрініс береді.
Ересектерде ұзақ уақыт бойы атопиялық дерматитті-нейродермит деп атады,ал бұл атау аурудың дамуына жүйке жүйесінің бар екендігін көрсетеді.
Атопиялық экзема-аурудың екінші аты.Экзема туралы айтатын болсақ қазіргі кезде тері қабынуларының түрлі белгілері (ісіну, қызару,дымқылдану) осы ауруға жатады.
Атопиялық дерматит жыл маусымдарына тәуелді:қыста-аурудың күшеюі және қайталануы болса, жазда-толық немесе жартылай ауру басылады. Аурудың дамуына азық-түліктерден (цитрусты жемістер,тәттілер,ащы тағамдар,алкогольді ішімдіктер),дәрілерден (антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер, пиразолон туындылары) және басқа да факторлар әсер етеді.
Атопиялық дерматит кезінде аллергендер мыналар:
- · Үй жануарларының жүні
- · Аквариум балықтарына арналған құрғақ тағам
- · Матрас және жастықтардағы қауырсындар
- · Өсімдіктер тозаңы
- · Косметика және хош иісті заттар
- · Азық түліктер (бал,цитрусты жемістер,жаңғақтар,шоколадтар,құрамында бояғыштар мен консерванттары бар өнімдер)
Атопиялық дерматит кезінде толық комплексті ем қабылдайды,оған тағам режимін сақтау және аурудың дамуына алып келетін алллерген мен қарым катынаста болмау негіз болып табылады.
Аударған: Мелис Айбек