Айналмалы манжетка сіңірінің қақтығысы
Біз қолымызды жоғары көтерген сайын айналмалы манжетка және синовиальді қапшықта, буында беткей орналасқан супрасиналді сіңір жауырыннан (акромион) төмен қарай қарама-қарсы бағытта сырғып кетуі мүмкін.
- Акромион бет жағы тегіс болмағандықтан синовиалді қапшық пен сіңірді сылып тастауы мүмкін.
- Бұндай жағдайда қолды қайта жоғары көтеру, синовиалді қапшық (бурсит) пен сіңірдің (тенденит) қабынуын тудыруы мүмкін.
Уақыт өте келе акромион жақ бетте сіңір сылуы мүмкін.
- Сондықтан сіңірде майда жыртылуылар пайда боуы мүмкін. Қайта қалпына келу мақсатында бұл жыртылулардың орнына тыртықты тіндер пайда болады.
- Жайлап тыртықты тіндер сіңірдің айналмалы манжеткалық қызметтін төмендетеді.
- Соңында сіңір айналмалы манжеткеде қолды жоғары көтеретін бұлшықеттін тепе-теңдігін ұстай алмай қалады. Бұл ары қарай айналмалы манжетканың бұзылысына әкеліп, қайтадан жыртылулар мен қайтадан тыртықты тіннің пайда болуына әкеледі. Сіңір неғұрлым әлсіз, солғұрлым бөліктік немесе толық жыртылуларға әкеледі.
Аударған. Бердібек Ағабек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.