Бактериалдық вагиноз
Мазмұны
Өзіне күтім жасау және симптомдарды жеңілдету бойынша кеңестер
Бактериалдық вагиноздың алдын алу
Жалпы ақпарат
Бактериалдық вагиноз (БВ) - қынаптық инфекциялардың бірі. Қалыпты жағдайда қынапта денсаулық үшін пайдалы бактериялармен қатар зияндылары да мекендейді. Бактериалдық вагиноз т осы қатынастың бұзылуында және зиянды бактериялардың мөлшерінің ұлғаюында пайда болады.
Мұндай үйлесімсіздіктің себептері анық бола бермейді. Бактериалдық вагиноз барлық жастағы әйелдер мен қыздарда пайда болатын, кең таралған ауру.
Симптомдары
Бактериалдық вагиноздың симптомдары:
- Қынаптан бөлінетін ақ немесе сұр түсті, жағымсыз иісті бөлінділер
- Несептің шығу кезіндегі ашыту, күйдіру сезімі
- Қынаптың ішіндегі және сыртындағы қышу
Кейде аурудың симптомдары болмайды.
Диагностика
Бактериалдық вагинозды анықтау үшін дәрігер гинекологиялық тексеру жүргізуі қажет. Сондықтан, дәрігерге көрінуге дейін 24 сағат бұрын тампондар қолданбаңыз және жыныстық қатынасқа түспеңіз.
- Арқаңызға жатып, аяғыңызды арнайы салғышқа орналастыру ұсынылады.
- Дәрігер қынапқа айна аталатын аспапты енгізеді. Айналар аздап ашылып, қынапқа кіретін жолды ашады, осылайша дәрігерге қынаптың қабырғасын қарауды жеңілдетуге және зарарсыз мақта тампонның көмегімен бөліндінің (жұғынды) үлгісін алуға жағдай жасалады.
- Бөлінділердің үлгісі микроскоптың астында инфекция белгісі болуына тексеріледі.
Емдеу
Сізде бактериалдық вагиноз анықталса, дәрігер тағайындайды:
- Ішуге арналған таблеткалардағы антибиотиктер
- Құрамында антибиотик бар қынаптық жақпа майлар
Дәріні дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәл қабылдайтындығыңызға көз жеткізіңіз және жапсырмасындағы нұсқаулықты қадағалаңыз. Кейбір дәрілермен қатар алкогольді тұтыну асқазанның бұзылысын, асқазанның қатты түйілуін туындатуы немесе жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін. Дәрілік препараттарды қабылдауды өткізіп алмаңыз және үзбеңіз, себебі, инфекция қайталануы мүмкін.
Бактериалдық вагиноз жыныстық қатынастағы серіктестерге – ерлерге берілмейді. Бірақ, егер серіктесіңіз әйел болса, ол жұқтыруы мүмкін. Оған да бактериалдық вагинозды емдеу курсын өткізу қажет болуы мүмкін.
Өзіне күтім жасау және симптомдарды жеңілдету бойынша кеңестер
Қынаптың тітіркенуін жеңілдету үшін:
- Ыстық немесе гидромассаждық ванналарды қабылдамаңыз.
- Қынапты және айналшықты жұмсақ, иіссіз сабынмен жуыңыз.
- Мұқият шайынғаннан кейін жыныстық мүшелердің аумағын құрғатып сүртіңіз.
- Иіссіз тампондар мен төсемшелерді қолданыңыз.
- Кеңдеу киім және мақта матадан жасалған ішкиім киіңіз. Колготки кимеуге тырысыңыз.
- Туалеттен кейін алдынан артына қарай сүртініңіз.
Бактериалдық вагиноздың алдын алу
Келесі кеңестерді қадағалау арқылы бактериалдық вагиноздың таралуының алдын алуға көмектесе аласыз:
- Жыныстық қатынасқа түспеңіз
- Жыныстық қатынастағы серіктестеріңіздің санын шектеңіз.
- Жыныстық қатынас кезінде әрдайым презерватив қолданыңыз.
- Бүркіп шайынбаңыз. Бүрку арқылы шайынған кезде қынаптан инфекциядан қорғайтын пайдалы бактериялар жойылып кетеді.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:
- Симптомдардың жақсаруы байқалмайды
- Жамбас қуысында ауырсыну немесе қызба пайда болса
Синонимдері
Телімді емес вагинит.