.

Біріншілік және гиперальдостеронизм | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Біріншілік және гиперальдостеронизм

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Емі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

Синонимдері

 

Жалпы ақпарат

Біріншілік және екіншілік гиперальдостеронизм – бұл бүйрекүсті бездерінен артық альдостерон гормоның бөлуімен жүретін ауру.

 

Себептері

Біріншілік гиперальдостеронизм бар адамдарда ауру мәселесі бүйрекүсті безімен байланысты. Бүйрекүсті безі артық альдостерон гормонын синтездейді.

Екіншілік гиперальдостеронизм кезінде артық синтез мәселесі бүйрекүсті безінен тыс болып табылады, және біріншілік ауруға ұқсас болып келеді.

Біріншілік гиперальдостеронизм сирек кездесетін ауру, бірақ кейбір сарапшылар айтуы бойынша, бұл ауру жоғары артериальды қысым әсерінен туындайды деп. Көп жағдайда біріншілік гиперальдостеронизм бүйрекүсті безінің қатерсіз ісігінен пайда болады. Ауру 30-50 жастағылар арасында көбірек таралған.

Көп жағдайда екіншілік гиперальдостеронизм жоғары артериальды қысыммен негізделген. Және ол мына жағдайларда да туындау мүмкін:

  • Бауыр циррозы
  • Жүрек жеткіліксіздігі
  • Нефротикалық синдром

 

Симтопмдары

  • Шаршағыштық
  • Бас ауруы
  • Бұлшықет әлсіздігі
  • Ұйып қалу
  • Ауыспалы (пайда болып, қайта жоқ болып кететін) салдану (паралич)

 

Диагностика

  • Құрсақ қуысының компьютерлік томографиясы (КТ)
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • Плазмадағы альдостерон деңгейі
  • Қандағы калий деңгейі
  • Зәрде альдостеронды анықтау

Кейде дәрігерге бүйрекүсті бездерінің венасын катетеризациялау қажет болады. Осы арқылы қай бүйрекүсті безінде ісікті анықтауға болады.

Бұл ауру кезіңде анализдердегі өзгерістер:

  • CO2
  • Қан сарысуындағы магний деңгейі
  • Қандағы натрий деңгейі
  • Зәрдегі калий деңгейі
  • Зәрдегі натрий деңгейі

Бүйрекүсті безі келесі гормондарды бөледі: эстроген, прогестерон, стероидтар, кортизол, кортизон, адреналин (эпинефрин), норадреналин және дофамин. Бұл гормондардың артық немесе жеткіліксіз бөлінгенде әртүрлі аурулар даму мүмкін.

 

Емі

Ісіктен пайда болған біріншілік гиперальдостеронизм емінде хирургиялық әдіс қолданылады. Ісікті алып тастағаннан кейін, ауру симпттомдарын қадағалауға болады. Алайда кейбір адамдарда операциядан кейін жоғары артериальды қысым сақталып қалады, сол себепті дәрі-дәрмектерді пайдалану қажет болады. Соның өзінде дәрілер саны мен дозасы азайтылған болуы мүмкін.

Ауру ағымын хирургиялық жолсыз да қадағалауға болады. Пациенттерге препараттарды қабылдап және тұзды шектеу қажет. Гиперальдостеронизм емінде қолданылатын препараттар:

  • Амилорид
  • Спиронолактон, диуретиктер (организмнен артық суды шығаратын препараттар)
  • Триамтерен

Екіншілік гиперальдостеронизм емі препараттар мен диетаны сақтауға жүгінеді. Хирургиялық ем қажет етпейді.

 

Болжам

Біріншілік гиперальдостеронзимді ерте диагностикалап және ерте ем бастаса болжамы қолайлы.

Екіншілік гиперальдостеронизм болжамы, бұл ауруды шақырған аурудың себебіне байланысты болады.

 

Асқынулар

Ұзақ уақыт спиронолактонмен емдегенде, ер адамдарда импотенция және гинекомастия даму мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Гиперальдостеронизм симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралыңыз.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.