Бронходилятаторлар (Бронх кеңейткіштері)
Бронх кеңейткіштер
Бронх кеңейткіштері тыныс жолдарының тарылуы әсерінен болған демікпе симптомдарын, тыныс жолдары бұлшықет сақиналарын босаңсыту арқылы жеңілдетеді. Бронх кеңейткіштерінің осы қызметі тыныс жолдарын тез арада кеңейтіп, өкпеге көп мөлшердегі ауаның кіруі мен шығуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу жақсара түседі. Бронх кеңейткіштері тыныс жолдарының ашылуын қамтамыз етіп, ол жерден шырыштың еркін өтуіне және ары қарай жөтелмен шығып кетуіне жағдай жасайды. Солай бронх кеңейткіштері өкпені шырыштан тазартуға да көмектеседі.
Тез әсер ететін бронх кеңейткіштерінің түрлері демікпе симптомдарын жеңілдетуге немесе басуға және демікпе ұстамалары кезінде жақсы көмектеседі. Ұзақ әсер ететін бронх кеңейткіштерінің түрлері демікпе симптомдарын бақылауда ұстағанға және демікпе ұстамаларын болдырмауға көмектеседі.
Медициналық бронх кеңейткіштерінің 3 түрі бар: бета 2-антагонистер (тез және ұзақ әсер ететін түрлері), антихолинергетиктер және Теофиллин.
Бета 2-антагонистер – Тез әсер ететін тыныстық түрлері:
- Альбутерол (Провинтил ГФА, Вентолин ГФА, Акунеб)
- Алюпент
- Комбивент ( бета 2-антагонист және антихолинергетиктің біріктірілген түрі)
- Дуонеб (бета 2-антагонист және антихолинергетиктің біріктірілген түрі)
- Максэр
- Ксопинекс
Тез әсер ететін бета 2-антагонистерді “тез жұмыс істейтін”, “тынышталдыратын” немесе “құтқаратын” дәрілер деп те атайды, өйткені олар тыныс жолдарын босата отырып, демікпе симптомдарын лезде басады. Бұл ингаляторлар көбінесе кенеттен және ауыр немесе алғаш басталған демікпе симптомдарында көмектеседі. Олардың әсері 20 минут ішінде басталып, төрт-бес сағатқа дейін жалғасады. Бұл дәрілерді физикалық жүктеменің алдында 15-20 минут бұрын қолдануға болады, себебі физикалық жүктеме әсерінен демікпе сипмтомдары басталып кетуі мүмкін.
Альбутеролдың сұйық және ішке қолдануға арналған таблетка түрлері кездеседі. Бета 2-антагонистерінің ішке қолдануға арналған түрлерінің жанама әсерлері көп, себебі олар үлкен дозада тағайындалады және қанға сіңіріледі, ары қарай қаннан өкпеге өтеді. Тыныстық түрлері тек қана өкпеде жиналады, сол себепті жанама әсерлері айқын емес.
Бета 2-антагонистерді шамадан тыс қолдану демікпенің тұрақсыздануына алып келеді, ал ол өз кезегінде қиын емделеді. Егер сіз тез әсер ететін бета 2-антагонистерін аптасына екі реттен көп қолдануға мәжбүр болсаңыз, өзіңіздің дәрігеріңізбен тыныстық стероидтар және ұзақ әсер ететін бета 2-антогонистері сияқты әсері көпке дейін жалғасатын дәрілердің мөлшерін көбейту туралы сөйлескеніңіз жөн.
Бета 2-антагонистер – Ұзақ әсер ететін түрлері:
- Адвэр (бета 2-антагонист және қабынуға қарсы дәрінінің біріктірілген түрі)
- Сиревент
- Форадил
ЕСКЕРТУ: Бета 2-антагонистері демікпелік ұстама симптомдарын тез жеңілдету үшін емес, демікпені бақылауда ұстау үшін қолданылады. Бұл дәрілер кеш әсер етеді, бірақ әсері 12 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.
Сиревент пен Форадил ғана қолданыстағы ұзақ әсер ететін тыныстық бета 2-антагонистері болып табылады. Тыныс жолдарының өткізгіштігін ұзақ бақылауда ұстау үшін оларды күніне екі рет қолдану қажет. Олар физикалық жүктеме кезінде пайда болатын демікпе емінде де өз нәтижелілігін көрсетті. Сиревент және Форадил тыныстық құрғақ ұнтақ ретінде де өндіріледі. Сиревент біріктірілген Адвэр дәрісінің қүрамына да кіреді.
Бета 2-антогонистерінің жанама әсерлері:
- Күйгелектік және әлсіздік
- Аса қозғыштық немесе жоғары белсенділік
- Жүрек соғысының жиілеуі
- Асқазан қызметінің бұзылуы (сирек)
- Ұйқының бұзылуы (сирек)
Антихолинергиялық дәрілер
Атровент – бронхты кеңейтетін, антихолинергиялық топқа жататын дәрі болып табылады. Ол шұғыл немесе тез көмектесетін емес, демікпені бақылауда ұстау үшін қолданылатын дәрі. Ол дозаланған ингалятор және ингаляцияға арналған ерітінді түрінде өндіріледі. Демікпемен ауратын науқастар Атровентті тез әсер ететін тыныстық бета 2-антагонистерімен бірге қолданса нәтижелі болады. Бұл дәріні шұғыл көмек кезінде қолданбайды, себебі әсері 60 минуттан соң ғана басталады. Демікпелік ұстама кезінде оны сирек қолданады.
Жанама әсерлері шамалы; көбінесе тамақтың құрғауы кездеседі. Дәрі көзге түскен жағдайда, аз уақытқа созылатын көрудің нашарлауы байқалуы мүмкін.
Теофиллин
Теофиллин демікпені бақылауда ұстау үшін қолданатын дәрілердің тағы да бір түрі. Ол сатылымда Унифил, Тео-Дур, Сло-Бид, Тео-24 деген атқа ие. Оның ішке (таблетка және сұйықтық) және тамырішілік қолдануға арналған түрлері өндіріледі. Ол ұзақ әсер ететін және демікпе ұстамаларын болдырмайтын дәрі болып табылады. Теофиллин қиын бақыланатын немесе демікпенің ауыр жағдайларында қолданылатын дәрі, және оны күнде қабылдау керек.
Жанама әсерлері:
- Жүрек айну және/немесе құсу
- Іш өту
- Асқазан ауруы
- Бас ауруы
- Жүрек соғысының жиілеуі және бұзылуы
- Бұлшық ет тырысулары
- Үрейлену сезімі және күйгелектік
- Жоғары белсенділік
Дәріні шамадан тыс қолданса осы симтомдар байқалуы мүмкін. Дәрігеріңіз сізге арналған дәрі дозасының дұрыстығына көз жеткізуі үшін, сізге қан анализін жасайды.
Дәрігерге Теофиллин қолданатыныңызды міндетті түрде айтуыңыз қажет, себебі құрамында эритромицині бар антибиотиктер, ұсмаларды емдеуге арналған дәрілер, және де ойық жараларды емдеуге арналған дәрілер тобы Теофиллинге кері әсер теуі мүмкін. Сондай-ақ, дәрігеріңіз сіздің басқа да медициналық көрсеткіштеріңіз жайында білетініне көз жеткізіңіз, себебі кейбір сырқаттар мен аурулар сіздің организміңіздің Теофиллинге деген кері жауабын өзгертуі мүмкін.
Демікпемен зардап шегетін науқастар үшін темекі шегу немесе темекі түтіні қауіпті ғана емес, сонымен қатар организміңіздің Теофиллинге деген кері жауабына өз септігін тигізуі мүмкін. Сол себепті, мүмкіндігінше темекі түтінінен аулақ болыңыз.
Аударған: Шардарбек Райымбек