.

Цервицит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Цервицит

Мазмұны

Себептері

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Асқынулары

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Профилактикасы

 

Цервицит– жатыр мойнының кілегейлі қабатының қабынуы.

Себертері:

Цервицит көп жағдайда жыныстық қатынас арқылы беріледі. Церыицитті шақыратын инфекциялар:

  • Хламидия
  • Гонорея
  • Герпес вирусы
  • Папиллома вирусы
  • Трихомониаз

Цервицитті шақыратын басқа да факторлар:

  • Кіші жасбас қуысына еніп тұратын мойын қалпағы, диафрагма, пессарий т,б заттар.
  • Контрацепция ретінде пайдаланған – спермицидке аллергия.
  • Латекстті мүшел қапқа аллергия.
  • Химиялық заттардың әсері.

Цервициттің таралу жиілігі үлкен. Жыныстық қатынасқа болатын ересек әйелдердің тең жартысын осы ауруға шалдығады. Қауіп-қатер тобына жататындар:

  • Жыныстық қатынысқа белсенді түсетіндер.
  • Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен бұрын шалдыққанда.
  • Жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру.
  • Жыныстық қатынасқа ерте түсу.

Бактерия немесе қалыпты да болатын бактериялардың шамадан тыс көбеюі цервициттің пайда болуына әкеледі.

Симптомдары:

Аурулардың симптомдарына жатады;

  • Жыныстық қатынас, менопауза, етеккір аралық кезеңде қынаптан қан кетулер.
  • Сүр, ақ, сары түсті қалыптыда боламайтын қынаптан бөлінділердің бөлінуі.
  • Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну.
  • Қынап айналасының ауырсыну.
  • Мықын аймағының қысып ауырсынуы.

Диагностикасы

Гинекологиялық тексерулер

  • Қынаптан бөлінділердің пайда болуы.
  • Жатыр мойнының кілегей қабатының қызаруы.
  • Қынатың қабынуы, ісінуі.

Аспаптық зерттеулерге жатады:

  • Бөлінділерді микроскоппен қарау
  • ПАП-тестті
  • Гонорея мен хламидиозға тексеру

Сирек жағдайда кольпоскопия мен жатыр мойнынан биопсия алу жүргізіледі.

Емі

Хламидоиз бен гонореяны емдеу антибиотиктер арқылы жүргізіледі. Герпетикалық инфекциялар үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

Менопаузаға жеткен әйелдер үшін гормоналды препараттар тағайындалуы мүмкін.

Дәрі-дәрмектермен жүргізілген ем, өз нәтижесін бермейтін болса:

  • Криохирургия
  • Зақымдалған тіндерге зонд арқылы электр тоғымен әсер ету.
  • Лазерлі терапия.

Болжамы

Цервициттің себебі тауып, ем тағайындауда қателеспесе – аурудың болжамы жақсы.

Мүмкін болатын асқынулар

Цервицит кезінде дер кезінде емделмесе ауру бірнеше айдан бірнеші жылға созылып кетуі мүмкін. Цервицит жыныстық қатынас кезінде ауырсынуды шақыруы мүмкін.

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Цервициттің бастапқы симптомдары білене бастағанда дәрігерге қаралу керек.

Профилактика

Цервициттің падй болуына төмендететін іс-шаралар:

  • Қынапты тітіркендіретін заттарды пайдаланбау, мысалы, тампондар.
  • Қынапқа енгізетін сыртқы заттар надлежащим жағдайда орналасу керек. Заттың инструкциясымен танысып, қанша уақыт тұруы керек, қанша уақыттан кейін ауыстыру керек екенін білу керек.
  • Сіздің жыныстық серіктесіңіз жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен ауырмайтындығына көз жеткізу керек. Сіз және сіздің жыныстық серіктесіңіз басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түспеуі керек.
  • Жыныстық қатынас кезінде мүшел қап пайдаланыңыз, себебі жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекцияны таралуын шектейді. Мүшел қап еркек үшін де, әйедер үшін де бар, бірақ та еркектер жиі пайдаланады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.