.

Диабеттік нейропатия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Диабеттік нейропатия

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек?

 

Жалпы ақпарат

Диабеттік нейропатия – қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын нервтердің зақымдануы. Бұл жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.

 

Себептері

Қант диабеті бар адамдарда қан ағысының әлсіреунен және қанда қант деңгейінің көтерілуінен нерв ұштары зақымдалады. Әдетте бұл ауру қандағы қант деңгейінің бақыланбай көтерілуінен пайда болады.

https://www.zdrav.kz/images/refs3/dn.jpg

 

Шамамен диабетпен ауыратын адамдардың жартысында нерв ұштары зақымдалады. Қант диабеті диагнозы қойылғаннан кейін ауру бірнеше жыл бойы симптомсыз өтеді. Кейбір пациенттерде алғаш рет қант диабеті диагнозы қойылған сәтте нерв ұштарының баяу зақымдалуын байқауға болады.

 

Симптомдар

Симптомдар негізі баяу және ұзақ жылдары бойы дамиды. Зақымдалған нервке байланысты симптомдар әртүрлі.

Ішек перистальтикасын реттейтін нервтер қазымдалған кезде, сізде ас қорыту кезінде қиындықтар пайда болу мүмкін. Нәтижесінде диабетті қадағалау қиын болады. Ас қорыту қиындауына байланысты симптомдар:

  • Аз тамақ қабылдаған өзінде, артық тамақтану сезімі.
  • Қыжыл және желдену
  • Құсу, іш қату немесе іш өту
  • Жұтыну кезіндегі қиындықтар
  • Тамақты ішкеннен бірнеше сағаттан кейін пайда болатын тағам қалдықтарымен құсу

Егер қол мен аяқтағы нервтер зақымдалса, онда тітіркену, күйдіру немесе ауру сезімі пайда болады. Зақымдалу деңгейі үлкейген сайын қолдағы және аяқтағы сезімталдық жоғалады. Сезімталдық жоғалу әсерінен сіз мынадай нәрсені сезбей қалуыңыз мүмкін:

  • үшкір затты басып кеткенде
  • сүйел немесе кішкентай кесік пайда болған кезде
  • қолмен немесе аяқпен қатты ыстық немесе суық сатты тигенде

Егер нәтижесінде жүрек және қан тамырлар нерветір зақымдалса, онда сіз:

  • Төсектен тез көтерілген кезде (ортостатикалық гипотония) естен тану (обморок)
  • Жиіліген жүрек ырғағын сезу
  • Стенокардия немесе жүрек ұстамасы кезіндегі ауру сезімін сезбей қаласыз

Нерв ұштары зақымдалған кездегі басқа симптомдар:

  • Сексуальды қиындықтар. Ерлерде эрекциямен қиындықтар, ал әйелдерде – қынаптың кеуіп кетуі немесе оргазммен қиындықтар.
  • Қандағы төмен қант деңгейіне сезімталдықтың жоқтығы.
  • Қуықпен қиындықтар. Еріксіз зәр шығару немесе қуықты босата алмау.
  • Тыныштық жағдайда, қалыпты температура кезінде қатты тершеңдік.

 

Диагностика

Дәрігер тексеру кезінде мынадай ауру белгілерін анықтау мүмкін:

  • Тобықта рефлекстердің болмауы немесе әлсіреуі
  • Аяқта сезімталдықтың болмауы (арнай щеткамен (монофиламент) тексеріледі)
  • Терідегі өзгерістер
  • “Бұлшықеттік сезімталдықтың” бұзылысы (кинестезия)
  • Горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа тез ауысқан кезде артериальды қысымның төмендеуі

Диагностика кезінде жасалатын зерттеу әдістері:

  • Электромиография (ЭМГ) – бұлшықеттердің электрлік активтілігін жазу
  • Нервтік өткізу жылдамдықын тексеру – нервтен өтетін электрлік сигналдарды жазу
  • Азқасанна аш ішекке тағамның эвакуация жылдамдығын тексеру
  • Ортостатикалық проба жасау

 

Емі

Нервтің диабеттік зақымдауын баялау үшін дәрігердің кеңестерін орындаңыз.

Қандағы қант деңгейін оптимальды деңгейді ұстау үшін:

  • Диета ұстаңыз
  • Физикалық жаттығуларды күнделікті жасаңыз
  • Тұрақты түрде қандағы қант деңгейін тексеріп жүріңіз
  • Қант түсіретін препараттарды немесе инсулинді дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдап жүріңіз

Мына симптомдарға байланысты дәрігер сізге ем тағайындайды:

  • Табанда, аяқа немесе қолдағы ауру сезімі
  • Құсу, лоқсу немесе тағаммен қорту байланысты басқа қиындықтар
  • Қуықпен қиындықтар
  • Эректильды дисфункция немесе қынаптық кебу

Аяқтағы нервтер зақымдалғанда сезімталдық төмендейді. Толық сезімталдықтың жоғалуы пайда болу мүмкін. Нәтижесінде аяқтағы жаралар қиын жазылады. Аяқтарға жасалған дұрыс күтім, осы асқынуды алдын алуға көмектеседі.

Аяқтарға арналған күтім:

  • Күнделікті аяқты қарау
  • Дәргерге қаралуға дейін аяқты өзіңіз тексеріңіз.
  • “Дұрыс” носки және аяқ киімді кию.

 

Болжамы

Тағайындалған ем ауру сезімін басады және кейбір симптомдарды қадағалауға көмектеседі.

 

Асқынулар

  • Зәр шығару жолдарының инфекциясы
  • Аяқатағы дибеттік ойық жаралар
  • Стенокардия немесе жүрек ұстамасы кезіндегі ауру сезімін сезбей қалу
  • Аяқ саусақтарын, табанды немесе тобықты ампутациялау

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Диабеттік нейропатия симптомдары пайда болған сәтте дәрігерге хабарласыңыз.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.