.

Диафрагмальды жарық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Диафрагмальды жарық

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Диафрагмальды жарық – диафрагмадағы аномальды тесік ретінде көрініс беретін, туа пайда болған дефект. Диафрагма – тыныс алуға қатысатын бұлшықет. Ашық тесіктен құрсақ қуысының мүшелері (асқазан, көкбауыр, бауыр және ішек) кеуде қуысына, өкпеге қарай өтіп кетеді.

Бұл аномальды тесік дүниеге келгенге дейін пайда болады.

 

Себептері

Диафрагмальды жарықтың пайда болу себебі құрсақішілік даму кезінде анатомиялық тіндер мен құрылымдардың дұрыс бітіспеуінен дамиды. Нәтижесінде құрсақ қуысының мүшелері кеуде қуысына көтеріліп кетеді. Зақымдалған өкпе аймағында тін дұрыс дамымайды.

Туа пайда болған диафрагмальды жарық жаңа туған нәрестелердің 2200-5000 ішінде 1 жиілігінде кездеседі. Көбінесе сол жақ зақымдалады. Ата-анасында немесе туған туыстарында осындай ауру болса, онда нәрестеде бұл аурудын даму қаупі жоғары.

 

Симптомдар

Диафрагманың дұрыс емес қозғалуынан және өкпе тінінің қысылуынан нәресте туылғаннан кейін өкпе коллапсы дамиды, содан тыныс жеткіліксіздігі басталады.

Басқа симптомдар:

  • Оттегі жетіспегендіктен тері түсі көк
  • Жиілігін тыныс (тахипноэ)
  • Жиіліген жүрек соғысы (тахикардия)

 

Диагностика

Жүкті әйелде артық амнион сұйықтығы болу мүмкін. Құрсақтағы нәрестені ультрадыбысты зерттеу кезінде құрсақ қуысындағы мүшелердің кеуде қуысына өтіп кетуін көрсетеді.

Жаңа туған нәрестені тексеру кезінде анықтауға болады:

  • Кеуде торының дұрыс емес қозғалысы
  • Зақымдалған жағында тыныстын жүрмеуі
  • Ішек перистальтикасы кеуде торында естіледі
  • Құрсақ қуысы пальпациясы кезінде оның көлемінің кішіреюі

Кеуде торыны рентгенограммасында құрсақ қуысының мүшелерінің орналасуы байқалады.

 

Емі

Диафрагмальды жарық шұғыл жағдай болып табылады және хирургиялық емді қажет етеді.

Операция мақсаты құрсақ қуысының мүшелерін дұрыс орналастырып, диафрагмадағы тесікті жабу.

Жаңа туған нәрестеге операциядан кейін қалпына келгенше, жасанды тыныс алу аппараты қажет болу мүмкін. Кейбір нәрестелер жансақтау аппараты “жасанды жүрек-өкпе” қосылады, сол аппарат күшімен операциядан кейін жағдайын қалпына келуге көмектеседі.

Егер диафрагмальды жарық жүктілік кезінде анықталса (24-28 апталар арасында), онда фетальды операциялық ем туралы ойлауға болады.

 

Болжамы

Операция нәтижесі нәрестенің өкпесінің даму деңгейіне және басқа ақаулар бар жоқтығына байланысты. Негізінде басқа ақаулары болмай және өкпе жақсы дамыған болса, болжамы қолайлы.

Неонатальды және хирургиялық көмек нәтижесінде қазіргі таңда өміршеңдік 80% жоғары көрсеткіштер көрсетеді.

 

Асқынулар

  • Өкпе инфекциясы
  • Басқа туа біткен ақаулар

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Шұғыл медициналық көмекке барыңыз немесе хабарласыңыз. Диафрагмальды жарық шұғыл түрдегі хирургиялық емге көрсеткіш болып табылады.

 

Профилактика

Профилактика жоқ

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.