.

Екіншілік паркинсонизм ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Екіншілік паркинсонизм ауруы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емі

Ауру болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерлік көмекке қашан жолығу керек

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Екіншілік паркинсонизм Паркинсон ауруына ұқсас болып келеді, бірақ кейбір дәрі-дәрмектер, жүйке жүйесінің бұзылыстарымен және басқа да аурулармен шақырылады.

“Паркинсонизм” термині – Паркинсон ауруына типті қимыл қозғалыстың өзгерісі болатын аурулардың барлығына қолданылады.

 

Себептері

Паркинсон ауруы егде жастағы адамдардың арасында жиі кездесетің жүйке жүйесінің ауруы болып табылады.

Паркинсон ауруы организмде дофамин синтезінің бұзылысынан пайда болады. Дофамин – нейромедиатор (импульстарды бас миына жеткізетін активті зат). Бұзылыс салдарынан қозғалысқа жауап беретін ми бөлімдерінде функция атқару бұзылады. Ол өз кезегінде бұлшық еттердің функциясының жоғалуына алып келеді. Уақыт өткен сайын ауру дами бастайды. Қазіргі таңда ми жасушаларының өлімінің себебі нақты анықталмаған.

Екіншілік паркинсонизм мына ауру салдарында даму мүмкін:

  • Энцефалит
  • Менингит
  • Инсульт
  • Леви денешіктерінің диффузды ауруы
  • Көптік жүйелі атрофия
  • Прогрессиялаушы супрануклеарлы паралич

Екіншілік паркинсонизм мына препараттар қабылдағаннан кейін даму мүмкін:

  • Нейролептиктер (галоперидол)
  • Метоклопрамид
  • Фенотиазин туындылары

Екіншілік паркинсонизм дамуының қосымша себептері:

  • Анестетикалық препараттардың әсерінен, бас миының зақымдануы (хирургиялық операция кезінде)
  • Иісті газбен улану
  • Сынап немесе басқа химиялық қосындылармен улану
  • Наркотиктермен артық дозалану

Екіншілік паркинсонизм даму оқиғалары инъекционды наркомандар, героинның синтетикалық түрін – МРТР атты наркотикалық препарат, қолданатындар арасында кездеседі. Бұндай оқиғалар сирек кездеседі және көп жағдайда созылмалы наркомандарда.

Симптомдары

  • Мимиканың азаюы
  • Қимыл қозғалыс кезінде қиындық
  • Қимыл қозғалыстардың баяулауы (паралич)
  • Бәсең дауыс, анық емес сөйлеу
  • Денеде, қолдарда немесе аяқтарда кернеулік
  • Қол мен иектің дірілдеуі

Екіншілік паркинсонизм кезінде есте сақтау қабілеті төмендеу қаупі бар. Себебі, екіншілік паркинсонизм шақыратын аурулар, жиі деменцияға (кем ақылдылық) алып келеді.

Диагностика

Дәрігер екіншілік паркинсонизмды пациентті тексеруден және сұрастырудан кейін анықтау мүмкін. Бірақ соның өзінде кейбір симптомдарды бағалай оңай іс болып табылмайды, әсіресе егде жастағы адамдарды тексеру кезінде.

Тексеру кезінде анықтау мүмкін:

  • Қозғалысты бастағанда және тоқтатқанда қиындық
  • Бұлшықеттің тонусының жоғарлауы
  • Келбеттің бұзылысы
  • Баяу, тыпырлаған жүріс
  • Қол мен иектің дірілдеуі

Рефлекстер әдетте қалыпты болады. Диагностика басқа ауруларды дәлелдеуге немесе оларды жоққа шығаруға қажет.

 

Емі

Антипсихотикалық немесе басқа да препараттармен шақырылған екіншілік паркинсонизмді, ерте диагностикалау кезінде, ауру қайтымды болады. Алайда емнің пайдасын симптомдар ауырлығымен салыстырып қарау керек. Емді өзгерті немесе тоқтатуды болады, егер ол денсаулыққа пайдадан гөрі қазым алып келсе.

Себеп факторларды (инсульт немесе инфекция) емдеу, симптомдардың ауырлығын төмендетеді.

Егер симптомдар сіздің күнделікті жұмысыңызға кедергі алып келсе, дәрігер сізге ем тағайындай алады. Бұл ауру емінде қолданылатын көптеген препараттарда қауіпті жанама әсерлері бар. Сол себепті міндетті түрде периодикалық медициналық тексерілстен өту керек. Екіншілік паркинсонизм, Паркинсон ауруына қарағанда емге қиын келеді. Егер екіншілік паркинсонизм шақырған себепті емдеуге келмесе, онда тікелей паркинсонизмді емдеу керек.

 

Ауру болжамы

Антипсихотикалық немесе басқа да препараттармен шақырылған екіншілік паркинсонизмді, ерте диагностикалау кезінде, ауру қайтымды болады. Салдардар қайтымды болады мынадай жағдайларда:

  • Бас миының наркотикалық заттармен зақымдануы
  • Инфекциялар
  • Токсиндер

Қалған барлық себептер қайтымсыз және уақыт келе нашарлайды.

Мүмкін болатын асқынулар

  • Күнделікті жұмыспен айналу кезінде қиындық
  • Жұтынудың қиындауы (тамақтану кезінде)
  • Инвалидизация (әртүрлі дәрежеде)
  • Құлаудың салдарынан жарақаттар
  • Препараттардың жанама әсерлері

Күш жоғалтудың жанама әсерлері:

  • Сілекейдің көп бөлінуі
  • Терең веналардың тромбозы
  • Нашар тамақтану

Дәрігерлік көмекке қашан жолығу керек

Екіншілік паркинсонизм симптомдары пайда болғанда және жалпы жағдай нашарлағанда дәрігерлік көмекке барыңыз.

Мына симптомдар байда болғанда:

  • Көңіл-күйдің өгеруі
  • Саңдырақтық
  • Бас айналу
  • Галлюцинациялар
  • Еріксіз қимыл-қозғалыстар
  • Ақыл ойдың жоғалуы
  • Құсу неме лоқсу
  • Препараттардың мүмкін жанам әсерлері
  • Сана-сезімнің шатасуы немесе дезориентация

Егер адамға үй жағдайында қарай алмасаңыз, дәрігерден кеңес алыңыз (ем басталғаннан кейін)

Профилактика

Екіншілік паркинсонизм шақыратын себептерді емдеу, ауру қаупін азайтады.

Ұзақ уақыт антипсхитокалық препараттарды қажет ететін ем алатын науқастарда екіншілік паркинонизм дамуының алдын алуы ретінде әрқашан бақылауда болу қажет. Қазіргі таңда антипсихоктикалық препараттар екіншілік паркинсонизмді сирек шақырады.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.