.

Етеккір алды синдромы (еас) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Етеккір алды синдромы (еас)

Мазмұны

ЕАС - етеккір алды синдромы дегеніміз не?

ЕАС симптомдары қандай?

ЕАС симптомдары

ЕАС пайда болуының себептері қандай?

ЕАС қалай анықталады?

ЕАС қалай емделеді?

Диуретиктер дегеніміз не?

Антидепрессанттар көмектесе алады ма?

Ұрықтануға қарсы препараттарды қабылдау көмектеседі ме?

ЕАС емдеу үшін қандай препараттарды рецептсіз сатып алуға болады?

Симптомдарды қалай жеңілдетуге болады?

ЕАС бақылау бойынша кеңестер

Дәрумендер мен тағамдық қоспалар жөнінде не айтуға болады?

 

ЕАС - етеккір алды синдромы дегеніміз не?

Етеккір алды синдромы (ЕАС) – бұл етеккір басталуына дейін 14 күндей бұрын сезілетін симптомдар тобы.  Симптомдар, әдетте, етеккір басталғаннан кейін жойылады.

 

ЕАС симптомдары қандай?

Әйелдердің көпшілігі етеккір алдында жеңіл жайсыздық сезінеді. Бірақ, ЕАС кезінде ашушаңдық, депрессия немесе жайсыздық сезілуі мүмкін, олармен үйде немесе жұмыста отырғанда күресуге тура келеді. ЕАС кейбір симптомдары төменде келтірілген. Әр айларда симптомдар нашарлауы немесе жақсаруы да мүмкін.

 

 

 

 

ЕАС симптомдары

·         Теріде безеулердің пайда болуы немесе таралуы

·         Арқадағы ауырсыну

·         Іштің кебуі

·         Тәбеттің өзгеруі, оның ішінде, белгілі бір өнімдерге тартымдық

·         Іш қатуы

·         Жылауқорлық  

·         Депрессия

·         Жүрек соғуының жиілеуі

·         Ашушаңдық, ширығу немесе үрейлену

·         Шаршау сезімі

·         Бас ауыруы

·         Ысыну

·         Буындағы ауырсыну

·         Көңіл-күйдің құбылысы

·         Жыныстық өмірге құлықсыздық

·         Емшектің сезімталдығы мен ісінуі

·         Назар қоюдағы мәселелер

·         Ұйқыдағы мәселелер

·         Қолдың немесе аяқтың ісінуі

·         Жалғыз қалғысы келу

·         Салмақтың артуы

 

ЕАС пайда болуының себептері қандай?

ЕАС пайда болу себептері жеткілікті зерттелмеген. Ең ықтималы: симптомдардың пайда болуы етеккір айналымы барысындағы гормондар деңгейінің өзгерісімен байланысты. ЕАС психологиялық мәселелерге немесе күйзеліске байланысты туындамайды, бірақ, олар симптомдарды нашарлатуы мүмкін.

 

ЕАС қалай анықталады?

Дәрігер симптомдарды күнтізбе бойынша қадағалауды сұрайды. Егер симптомдар бірнеше ай бойы белгілі бір кезеңде қайталанатын болса, бұл ЕАС болуы мүмкін.

Дәрігер сізді қарап, тексеріп, басқа мүмкін мәселелерді ескеру үшін кейбір тексерулерді өткізуі мүмкін. Сондай-ақ, ол сізбен тамақтанудағы талғамыңыз, әдеттеріңіз, жұмысыңыз бен отбасыңыз туралы сұрайды.

 

ЕАС қалай емделеді?

ЕАС емдеу тәсілі жоқ, бірақ, емдәм сақтау, ұдайы дене жүктемелері, кейбір дәрілік препараттарды қабылдау симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі. Дәрігер емдәмге және жаттығу бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізу туралы кеңес береді. Қандай да бір симптомдар болуына және олардың айқындылығына байланысты дәрігер сізге дәрілік препараттарды тағайындайды.

Нақты сізге жарамды емдеуді таңдау үшін сізге бірнеше препарат қабылдау қажет болуы мүмкін. Олар дәрігердің рецептімен, рецептсіз де босатылады. Көбінесе, дәрігер диуретиктер, антидепрессанттар және ұрықтануға қарсы таблеткаларды тағайындауы мүмкін. ЕАС үшін басқа препараттар қазіргі уақытта зерттелу үстінде.

 

Диуретиктер дегеніміз не?

Диуретиктер организмге артық сұйықтық пен натрийді шығаруға көмектеседі. Олар іштің кебуін, салмаққа қатысты мәселелерді, кеуде мен іштегі ауырсынуды жеңілдетуге ықпал етеді. Диуретиктер әдетте, ЕАС осы симптомдары пайда болуының алдында тағайындалады.

 

Антидепрессанттар көмектесе алады ма?

Антидепрессанттар кейбір әйелдер сезінетін күшті ашушаңдықта, депрессия мен үрейленуде көмектесуі мүмкін. Бұл дәрілерді әдетте, күнделікті қабылдау қажет.

 

Ұрықтануға қарсы препараттарды қабылдау көмектеседі ме?

Дәрігер ЕАС кейбір симптомдарын жеңілдету үшін сізбен ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдау туралы талқылауы мүмкін. Ұрықтануға  қарсы таблеткалар етеккір айналымы бойы гормондардың деңгейін бақылауға көмектеседі. Оларды қабылдау кезінде көптеген әйелдер ЕАС симптомдарының едәуір жеңілдеуін байқайды. Дегенмен, бұл препараттардың өзіндік жанама әсері болуы мүмкін.

 

ЕАС емдеу үшін қандай препараттарды рецептсіз сатып алуға болады?

ЕАС симптомдарын басу үшін дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілерді қабылдауға болады. Бұл препараттар - аспириннің немесе ацетаминофеннің кофеинмен, антигистаминдік препараттармен немесе диуретиктармен бірігуі.

Сондай-ақ, кейбір ауырсынуды басатын препараттар да көмектеседі. Оларға стероидтық емес қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын дәрілер жатады, мысалы, ибупрофен, кетопрофен  және напроксен.

Бұл дәрілер ЕАС жеңіл немесе орташа күйде өтуінде жақсы көмектеседі. Бұл препараттардың бірін қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

 

Симптомдарды қалай жеңілдетуге болады?

ЕАС симптомдарын бақылау бойынша кеңестерді ұсынамыз.

ЕАС симптомдарын және олардың пайда болу уақытын білу сізге рационыңызды өзгертуге және дене жаттығуларын әр айға жоспарлауға көмектеседі.

Сіз үшін жарамды препарат таңдау немесе кеңес беру біршама уақыт алуы мүмкін. Әр адамда емдеу әр түрлі болады. Дәріге сізге  дұрыс емдеу таңдауға көмектеседі.

 

ЕАС бақылау бойынша кеңестер

·         Тамаққа күрделі көмірсуларды (мысалы, тұтас дәндер және тұтас дәннен жасалған нан, макарон өнімдері және жармалар), талшық пен ақуызды тұтыныңыз. Қантты және майлы өнімдерді қабылдауды азайтыңыз.

·         Іштің кебуін және организмде сұйықтықтың іркілуін азайту үшін етеккірге дейін бірнеше күн бұрын тұзды тұтынудан алшақ болу қажет.

·         Ширығуды, ашушаңдықты азайту, емшектің ауырсынуын жеңілдету үшін кофеин тұтынуды азайтыңыз.

·         Алкоголь ішуден алшақ болыңыз. Етеккір басталуының алдында алкоголь ішу өзіңізді басыңқы сезінуге апаруы мүмкін.

·         Тамақ ішуді күніне 3 рет емес, 6 ретке өзгертіңіз, және аз үлеспен ішіңіз. 

·         Аэробты жаттығулармен айналысыңыз. Аптасына 30 минуттен, 4-6 рет.

·         Көбірек ұйқтаңыз (тәулігіне 8 сағат).

·         Тамақ ішу, ұйқы және дене жаттығуларының кестесін құрыңыз.

·         Күйзелістік  оқиғаларды етеккірден кейінгі келесі аптаға жоспарлап көріңіз.

 

Дәрумендер мен тағамдық қоспалар жөнінде не айтуға болады?

Дәрумендер және басқа қоспалар, мысалы, В6, Е дәрумендері, магний, марганец және триптофан ЕАС симптомдарын жеңілдетуі мүмкін. Бұл емдеу жайында көптеген зерттеулер жүргізілген, және олардың пайдасына қарағанда әкелетін зияны көптігі анықталған. Мысалы, В6, Е дәрумендерін көп мөлшерде қабылдағанда, жанама әсерлері болады. Осы дәрумендер және қоспаларды қабылдау алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.