Гемодиализ
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Не үшін қажет?
Қауіп
Альтернативті атаулары
Жалпы ақпарат
Диализ – бұл бүйректердің функциясы дұрыс жұмыс ітсемеген кезде қолданылатын емдеу тәсілі. Осы процедура арқасында қандағы зиянды заттар шығарылады.
ГЕМОДИАЛИЗ ДЕГЕН НЕ?
Гемодиализ кезінде қан уақытша организмнен шығарылады да және арнайы мембраналық аппараттан өткізіледі. Қандағы қалдықтар, мысалы мочевина, тұздар және де басқа заттар мембрана арқылы сыртқа шығып алып тасталынады, ал қанның формалық элементтері, жасушалар және нәруыздар қайта организмге оралады.
Егер сізге гемодиализ жасалынатын олса, онда медициналық жұмыскерлерге сіздің қан тамырларыңызға жету жолын табу қажет. Бұл процедура қол жеткізуге (доступ) қамтамасыз ету деп аталады. Ол бір уақытта (уақытша) немесе ұзақ уақытта (тұрақты) қажет болады.
Уақыттша қол жеткізуді қамтамасыз ету, үлкен венаға, әдетте иық, кеуде немесе бұт аймағындағы веналарға қуысты трубка енгізеді (катетер деп аталады). Бұл әдетте шұғыл жағдайларда қолданылады. Бірақ та, кейбір катетерлер бірнеше апта немесе бірнеше ай ішінде қолдану ммүкін.
Тұрақты қол жеткізу хирургиялық әдіспен артерияны венаға жалғау арқылы жасалады, әдетте қолдағы тамырларда. Оны жасаудың екі әдісі бар:
- Артерия мен вен бір біріне тікелей байланыстырылады. Бірнеше айдан кейін, олар артериовенозды фистула түзеді – АВФ. Осындай байланыстыру типі инфицирленудің қаупі төмен және ұзақ уақытқа сақталады.
- Жасанды мост (артериовенозды графт – АВГ) артерия мен венаны бірге байланыстырудың тағы бір әдісі. АВГ диализді бірнеше апта жасау үшін қолданылады.
- Диализ жасаған кезде, бір немесе екі ине қол жеткізу аймағында орналасады.
ДИАЛИЗ ҚАЙДА ЖАСАЛАДЫ?
Гемодиализ арнайы диализ центрлерінде жасалады. Пациенттер, әдетте аптасына 3 процедурадан алып тұрады. Әрбір процедура 3-4 сағат уақыт жасалынады. Көптеген пациенттер диализден бірнеше сағаттан кейін өзін шаршаған болып сезінеді. Кейбір жағдайларда диализ үй жағдайында орындалу мүмкін. Үй жағдайында иализ мына екі схеманын біреуімен жасаланыда:
- Қысқа процедуралар (2-3 сағаттан), аптасына кем дегенде 5-7 күн
- Ұзақ процедуралар, түнгі процедурала, аптасына 3-6 түн ұйқы кезінде
Диализ процедурасы артериальды қысымды төмендетеді. Көптеген пациенттер артериальды қысымды түсіретін препараттарды, осы процедурадан кейін қажет етпейді. Түнгі процедуралар кезінде токискалық заттар жақсырақ шығарылады. Олар баяу жасалынады, сол себепті жүрекке және қол жеткізу орнына жүктеме түспейді.
Диализдік мейірбике пациенттерге диализді үй жағдайында жасауға үйрете алады. Пациенттер гемодиализға қажет аппаратты сатып алмауы керек. Ол аппарат пациенттерге берілу керек. Егер процедура үй жағлайында орындалатын болса, онда пациент өзі немесе оның бір көмекшісі мына заттарға үйренуі қажет:
- Аппаратпен қолдану
- Қол жеткізу орнына инені сала білу
- Ем кезіңде аппарат пен артериальды қысымды тексеріп отыру
- Нәтижелерді сақтау
- Аппаратты тазалау
- Шығын материалдарға тапсырыс беру
ГРАФТ ПЕН ФИСТУЛАҒА КҮТІМ
Қол жеткізу орнынан қысым түсуден абай болу керек. Егер графт пен фистула тромбталса, онда жаңа графт пен фистула орнату қажет болады.
- Қол жеткізу аймағы бар қолдан қан қысымын тексеруге ешкімге рұқсат бермеңіз.
- Қысып тұратын киім кимеңіз
- Ұйқы кезінде қол жеткізу аймағы бар қолды қысып қалмаңыз
- Қол артық физикалық жүктеме түсірмеңіз
- Қол жеткізу аймағынан қан кетуден сақтаңыңыз
- Крем немесе лосьондар қолданбаңыз
Біліңіз, қол жеткізу орнында шаншу сезіліп тұру керек. Ол сол аймақтың дұрыс істеп тұрғанын білдіреді. Егер ол сезім жоқ болып кетсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.
Диализдің бір де бір сеансын өткізбеңіз. Уақытында келіп тұрғаңыз. Көптеген центрлерде жұмыс уақыты тығыз. Егер кешігіп қалсаңыз, уақытыңызды қайтара алмайсыз.
Қол жеткізу орнында ісіну, қан кету немесе инфицирлеу белгілеріне мән беріп тұрыңыз. Егер де сізде қызба немесе инфекцияның басқа белгілері болса дәрігерге хабарласыңыз.
Бүйректік диализ кезінде міндетті түрде диетаны ұстанып тұрыңыз.
Процедура не үшін қажет?
Бүйректердің негізгі қызметі – қандағы токсиндерді шығару. Қанда токсиндердің жиналуы өлімге алып келуі мүмкін.
Бүйрек тағы да мынадай қызмет атқарады:
- Организмде су мөлшерін реттейді
- Натрий, калий, фосфор және басқада минерал мен витаминдердің тұрақтығын реттейді
- Сілтілі-қышқылды балансты сақтайды
Диализ бүйректің созылмалы аурулары бар науқастарға қолдану мүмкін. Диализ жасау алдында, сіздің дәрігеріңіз және мейірбикеңіз сізбен осы процедура тағайындау тұралы сөйлеседі.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі кезіңде де диализ қолдану мүмкін.
Кейбір жағдайларда гемодиализ организмнен у немесе наркотиктерді тез арада шығару үшін қолдану мүмкін.
Қауіп
Гемодиализ жасау қауіптер:
- Қанға кішкентай ау көпіршігінің түсуі, ауалық эмболия шақыру мүмкін.
- Қол жеткізу аймағынан қан кету
- Тырысулар
- Электролитті дисбаланс
- Инфекция
- Жүрек ырғағының бұзылысы
- Төмен артериалды қысым
- Құсу және лоқсу
Альтернативті атаулары
Жасанды бүйрек; Гемодиализ; Алмастырушы бүйректік терапия
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы