.

Контрацепция және отбасын жоспарлау | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Контрацепция және отбасын жоспарлау

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Барьерлік (кедергілеу) әдістер

Гормондық әдістер

ЖІС (ВМС)

Ұдайы контрацепция әдістер

Сенімді емес әдістер

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Қандай контрацепция түрін таңдау түрлі факторларға байланысты, оның ішінде, денсаулыққа, жыныстық қатынастың жиілігіне, бала өрбітуге тілектің болуына.

Контрацепция  түрін таңдауда ескеру қажет түрлі факторлар:

  • Тиімділігі  - бұл әдістің жүктіліктен қорғауы қаншалықты жақсы? 1 жыл ішінде осы әдісті қолданған 100 әйелдегі жүктілік санына қараңыз. Егер жоспарланбаған жүктілік жеке тұлға немесе қос тұлға үшін қарымды бұзылысты ретінде қарастырылатын болса, аса тиімді әдіс таңдалуы тиіс. Керісінше, егер қос тұлға жүктілікті кейінге қалдырса, бірақ, жүктіліктің жоспарланудан ерте орнауына  жалпы қарсы болмаса, тиімділігі төмен әдісті таңдаған жөн.
  • Құны  – әдістің қол жетімділігі?
  • Денсаулыққа қаупі – денсаулыққа қарымды қаупі қандай? Мысалы, ұрықтануға қарсы таблеткалар, әдетте, 35 жастан асқан әйелдерге ұсынылмайды, және темекі шегетін болса.
  • Серіктесінің қатысуы – серіктесінің таңдалған контрацепция әдісін қолдауға дайындығы. Алайда, сіз белсенді және көмектесетін рольді таңдамайтын серіктеспен жыныстық қатынасыңызды қайта қарастыруыңызға болады.
  • Ұдайылық  - Уақытша әдісті қолданғыңыз келеді (тиімділігі төмен), немесе ұзақ мерзімді немесе ұдайы әдісті таңдайсыз (тиімділігі жоғары)?
  • ЖЖБИ (ИППП) жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және АИТ (ВИЧ)  алдын алу – көптеген әдістер ЖЖБИ  ешқандай қорғаныс бермейді. Жалпы, презервативтер ЖЖБИ алдын алуда жақсы таңдау, әсіресе, спермицидтермен бірге.
  • Қол жетімдік – Әдіс рецептісіз, дәрігерге бармастан, немесе кәмелеттік жасқа жетпегендерде – ата-анасының келісімінсіз  қолданылады ма?

 

Барьерлік (кедергілеу) әдістер

ПРЕЗЕРВАТИВТЕР

  • Презерватив - жұқа латекстік немесе полиуретан қабықша. Ерлердің презервативі қозған (эрекциялы) пениске (жыныстық мүшеге) кигізіледі.
  • Презерватив жүктілікті болдырмас үшін жыныстық қатынастың барлық уақыты бойы кигізілуі тиіс.
  • Презервативтер көпшілік дәріханаларда және көптеген дүкендерде қол жетімді. Оларды сатып алу үшін рецептінің қажеті жоқ. 

Әйелдер презервативі, ерлер презервативі секілді, латекстен немесе полиуретаннан жасалған барьерлік контрацепция әдісі. Презервативтің әр ұшында сақина бар. Қынаптың (іншектің) ішіне орналастырылған сақина жатырдың мойнына кигізіледі, ал басқа ашық тұрған сақина, іншектен тыс жатады және вульваны қамтиды. Әйелдер презервативтері бөлшек саудада сатылады.

ДИАФРАГМА ЖӘНЕ ЦЕРВИКАЛДЫҚ ҚАҚПАҚША

  • Диафрагма – икемді резеңкеден кішкене ыдыс, ол спермицидті кремге немесе желеге толтырылған.
  • Оны іншекке, сперматозоидтар жатырға өтпес үшін жыныстық қатынастың алдында жатыр мойнына орналастырады.
  • Оны жыныстық қатынастан кейін орнында 6-8 сағат өткенге дейін қалдырған жөн.
  • Мембраналарды әйелге дәрігер тағайындайды, ол әйел үшін диафрагманың дұрыс түрін анықтайды.
  • Дұрыс қолдануына байланысты, 1 жылда осы әдісті таңдайтын 100 әйелде 5-20 жуық жүктілік орын алады.
  • Ұқсас, кішірек өлшемді жабдық цервикалдық қақпақша аталады.
  • Қаупі – диафрагмаға немесе спермицидтерге тітіркеніс, аллергиялық серпін және несеп шығару жолдарының инфекциясының пайда болуы жиілігінің артуы.  Сирек жағдайда, әйелдерде уытты шок синдромы дамуы мүмкін. Бұл диафрагманы іншекте ұзақ уақыт қалдырғанда орын алады. Цервикалдық қақпақша Пап-тестінің қалыпсыз мәнін туындатуы мүмкін (Папаниколау бойынша жұғынды– жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтаудың жұғындысы).

Диафрагма - икемді резеңкеден жасалған кішкене ыдыс, ол спермицидті кремге толтырылған, жыныстық қатынастың алдында жатыр мойнына қойылады. Жабдық жыныстық қатынастан кейін орнында бірнеше сағатқа қалдырылады. Диафрагма – дәрігер тағайындайтын және орнататын  жабдық, басқа барьерлік әдістерге, мысалы, презервативтерге қарағанда бағасы қымбатырақ..

ҚЫНАПТЫҚ (ІНШЕКТІК) ГУБКАЛАР

Іншектік контрацептивтік губкалар – бұл жұмсақ, синтетикалық, спермицидтер сіңірілген губкалар. Жыныстық қатынасқа дейін губка ылғалдандырылып, іншекке енгізіледі және жатыр мойнының үстінен қойылады.

 

Гормондық әдістер

Гормондық әдістер – бұл эстроген мен прогестерон, немесе тек  прогестерон гормоны қолданылатын контрацептивтік әдіс.

  •  Екі  гормон да етеккір айналымы кезінде ұрық жасушасының әйелдің аналық безінен шығуына (овуляцияға) кедергі келтіруге бағытталады. Оған организмнің басқа гормондарының деңгейіне әсер ету арқылы қол жеткізіледі.
  • Прогестиндер сперманың (шәуеттің) жатырға түсіуіне кедергі келтіреді, ол үшін әйелдің жатырының маңайындағы сілемейді қою және жабысқақ етеді.

 

 

 

 

Таблеткалар жүктілікті болдырмас үшін бірнеше бағытта жұмыс істейді. Ұрықтануға қарсы таблеткалар овуляцияны тежейді, ұрық жасушасының аналық безден шықпауына ықпал етеді. Сондай-ақ, олар цервикалдық сілемейдің жағдайын өзгертіп, қоюырақ етеді, бұл сперманың (шәуеттің)жатырға жету үрдісін қиындатады. Ұрықтануға қарсы таблеткалар сондай-ақ, эндометрийдің жеткілікті дамуына – ұрықтанған ұрық жасушасын қабылдап, өсіруге мүмкіндік бермейді.

Бұл контрацепция әдісі жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғаныс бермейді.

Гормондық  контрацепцияның түрлері:

  • Эстроген  мен прогестерон гормондары біріктірілген ұрықтануға қарсы,  овуляцияны тежейтін таблеткалар.
  • Прогестерон гормоны бар ұрықтануға қарсы таблеткалар, «мини-пили» деп аталады.
  • Импланттар – шағын стерженьдер, хирургиялық жолмен тері астына орнатылады, олар овуляцияға қарсы үздіксіз  прогестерон мөлшерлемесін шығарады.
  • Тері  пластырьлары (ОртоЭвра) иықта, бөкседе, немесе басқа ыңғайлы жерде орналастырылады. Олар ұдайы прогестерон мен эстроген шығарады. Басқа гормондық әдістер секілді оларды қолдану үшін рецептінің қажеті жоқ.
  • Іншек сақинасы (НоваРинг) – икемді сақина, ені 2 см жуық, іншектің ішіне орналастырылады. Ол  прогестерон мен эстроген шығарады.

 

ЖІС (ВМС)

  • ЖІС (ВМС) – шағын, пластиктен немесе мыстан жасалған құрал, оны жатырдың ішіне гинеколог дәрігер орнатады. Кейбір ЖІС прогестеронның аз мөлшерін бөледі. ЖІС орнында 5-10 жыл бойы қалдыруға болады, бұл оның түріне байланысты.
  • ЖІС кез келген уақытта орнатуға болады.
  • ЖІС – қауіпсіз және қызметін жақсы атқарады. Жылына ЖІС қолданған 100 әйелдің бірінен азы ғана жүкті болады.
  • Мүмкін қаупі мен асқынулары - құрысу, қан кетуі (кейде, ауыр), сондай-ақ, жатырдың перфорациясы.
  • Прогестеронды ЖІС алғашқы бірнеше айда жиі пигментацияны туындатуы мүмкін. Әйелдердің 50% бірінші жолдың соңында етеккір тоқтауы мүмкін. ЖІС алып тастағаннан кейін бұл әсер жойылады.

 

Ұдайы контрацепция әдістері

Бұл әдістер болашақта бала өрбітуді ешқашан жоспарламайтын адамдарға арналған. Ұдайы әдіс саналғанымен, кейінірек бала өрбітуге шешім пайда болса, кейде бұл операцияларды қайтаруға болады.

 

Сенімді емес әдістер

  • Үзілген жыныстық қатынас - шәует шашу алдында пенисті (жыныстық мүшені) іншектен шығару. Бірақ, шәуеттің азғантай бөлігі шәует шашуға дейін бөлінуі мүмкін, осы арқылы жүктілік болуы да мүмкін.
  • Бүрку (спермицидтер қолдану)  - жыныстық қатынастан бұл әдісті кейін қолдану тиімсіз, себебі, шәует жатыр мойнынан дейінгі өзінің жолын 90 секунда жетеді. 
  • Емшек емізу. Ана сүтін емізу жүктіліктің алдын алады, дегенмен, тәжірибе жүзінде кейде емізетін әйелдерде жүктілік болған жағдайлар кездседі.

 

Синонимдары

Контрацепция; отбасын жоспарлау және контрацепция

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.