.

Құрғақ кероконьюнктивит (Шегрен синдромы) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Құрғақ кероконьюнктивит (Шегрен синдромы)

Мазмұны

Себептері

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынуы

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

 

Құрғақ кероконьюнктивит немесе Шегрен синдромы– жасты және сілекейді бөлетін бездердің бұзылысымен жүретін, аутоиммунды ауру. Нәтижесінде көз бен ауыз қуысының құрғауына әкеледі. Ауру басқа да мүшелерге таралып, зақымдауы мүмкін, мысалы, бүйрек пен өкпе.

Себептері

Шегрен синдромының себебі әлі де белгісіз болып табылады. Бұл ауру аутоиммунды, яғни организмның иммунитеті өзінің қалыпты жасушаларына шабуыл жасайды. 40-60 жастағы әйел адамдарда жиі кездеседі. Балаларда бұл синдром сирек кездеседі.

Біріншілік Шенгрен синдромы басқа аутоиммунды бұзылыстарсыз жүретін, тек ғана көз бен ауыз қуысының құрғауымен сипатталады.

Екіншілік Шегрен синдромы басқа да аутоиммунды аурулар қосарланады, мысалы:

  • Полиомиозит
  • Ревматоидты артрит
  • Склеродермия
  • Жүйелі қызыл жегі

Симптомдары

Жиі кездесетін симптомдардың қатарына көз бен ауыз қуысының құрғауы болып табылады.

Көздік симптомдар:

  • Көздің қышуы.
  • Көзде бөгде зат бар сияқты сезінуі.

Ауыз қуысының және жұтқаншақта болатын симптомдар:

  • Тамақ жеудің және жұтынудың қиындауы.
  • Дәм сезудің бұзылысы
  • Сөйлеудің бұзылысы
  • Сілекейдің жабысқақ болуы
  • Ауыз қуысындағы ойық жара және ауырсыну
  • Дауыстың қарлығуы

Басқада симптомдарға жатады:

  • Әлсіздік
  • Қызба
  • Білезіктің және табан түсінің өзгеруі
  • Буындардың ауырсынуы және домығуы
  • Бездердің домығуы

 

Диагностикасы

Жалпы қарап тексеруде ауыз қуысының және көздің құрғауы байқалады. Ауыз қуысының құрғауынан ойық жаралар пайда болуы мүмкін.

Сізде келесі зерттеулер жүргізілуі мүмкін:

  • Ширмен тестті – жастың бөлінуі анықтау.
  • Антинуклеарлы антиденелерге қан анализі.
  • Сілекей бездеріне биопсия.
  • Ревматоидты фактор
  • Жастық тест
  • Жарықпен көзді қарау

Емі

Емдің мақсаты – аурудың симптомдарын жою болып табылады.

  • Көздің құрғақтығын емдеу үшін көзді майлап тұратын, жасанжы жас, мазь немесе циклоспоринднр қолданылады.
  • Жас көздің беткі қабатында қалуы үшін, дәрігер жастық каналды бітеп қоюы мүмкін.

Ауруды-модифицирлеуші препараттар – ревматоидты артрит кезінде тпйындайтын, сонымен қатар Шегрен синдромында да пайдаланады. Бұл топқа - ісікті некроздаушы факторды тежегіштер Энбрел, Хумира или Ремикейд жатады.

Үй жағдайында қолданылатын, симптомдарды басуға көмектесетін әдестер:

  • Күні бойы суды көп ішіңіз.
  • Қантсыз резинканы шайнаңыз.
  • Ауыз қуысына құрғақтық әкелетін дәрілерді қабылдамаңыз, мысалы, антигистаминдік және қақырық түсіретін препараттар.
  • Алкогол қабылдауға болмайды.

Стаматологка барып келесі сұраққа жауап іздеңіз?

  • Тістің минералды заттарын қалпында ұстау үшін ауыз қуысын жуатындарды пайдалану.
  • Сілекейдің орнын басатындар.
  • Сілекейді өндірілуін жоғарлататын препараттар.

Ауыз қуысының құрғауына байланысты тістің бұзылысының алдын алатын әдістер:

  • Тісті жіп арқылы жиі тазалап тұру.
  • Стоматологтың қарауында жиі болу: ауық қуысының және тістің тазалығы бойынша.

 

Болжамы

Ауру өмірге қатты қауіпті болып саналмайды. Болжамы – сіз қай аурумен ауырғаныңызға байланысты.

Шегрен синдромының белсенді сатысында лимфоманың даму қауіп-қатері жоғары болып саналада.

Асқынулар

  • Көздің зақымдануы
  • Тіс кариесі
  • Бүйрек жеткіліксіздігі
  • Лимфома
  • Өкпелік инфекция
  • Васкулит

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Шегрен синдромының бастапқы симптомдары біліне бастағанда дәрігерге барыңыз.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.