.

Нистагм | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Нистагм

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Көздің құрылысы және қызметі

Талқылау

Себептері

Үйдегі күтім

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Нистагм – бұл көздің жылдам, бақылауға алынбайтын қозғалысын сипаттайтын термин:  

  • Бір жақстан екінші жаққа қарай (көлденең нистагм)

  • Жоғары және төмен (тік нистагм)

  • Шеңбер бойымен (айналмалы немесе торсиялық нистагм)

Себебіне байланысты нистагм бір немесе екі жақты болады. Сондай-ақ, ауруды сипаттау үшін «билеп тұрған көз» термині де қолданылады.

 

Көздің құрылысы және қызметі

 

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.

Жарық көзге мөлдірқабық арқылы өтеді. Көз арқылы жарықтың өтуінде мөлдірқабық қарашықтың пішіні өзгеру есебінен кеңейіп, көзге көбірек жарықты өткізеді немесе тарылып, оны шектейді. Одан кейін линзалар жарықтың торқабыққа тура шоғырланып түсуі үшін  өздерінің пішінін өзгертеді. Жарық көру нервісі арқылы миға нерв сигналдарын берудің химиялық үрдісін іске қосатын фоторецепторларды қоздырады.

Мида осы нерв импульстарын өңдеу және тұтас бейне қалыптастыру жүреді.

 

Жалпы ақпарат

Көздің еріксіз қозғалысы немесе нистагм мидың көз қозғалысын бақылайтын аумағы қызметінің бұзылысынан туындайды. Ішкі  құлақтың дене қимылына және орналасу өзгерісіне сезімтал бөлігі (лабиринт) көздің қозғалысын бақылауға көмектеседі.

Нистагмның екі түрі бар:

  • Туа біткен, балалық нистагм синдромы.

  • Жүре пайда болған нистагм, өмір бойында жарақаттан пайда болған.

 

Себептері

ТУА ПАЙДА БОЛҒАН НИСТАГМ (балалық нистагм синдромы)

Туа біткен нистагм, әдетте, жеңіл өтеді. Ол ушықпайды және басқа да аурулармен байланысты емес.

Бұл ауруға шалдыққан адамдар өздері көзінің бұлай қозғалуын байқамайды, тек қоршаған адамдар байқайды. Егер қозғалыстың көлемі үлкен болса, көргіштік нашарлауы мүмкін. Көруді хирургиялық араласу арқылы жақсартуға болады.

Нистагм көздің туа біткен ауруымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай құбылыстың сирек болуына қарамастан, офтальмолог нистагм бар әр баланы көз ауруы болуына тексеруі қажет.

ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН НИСТАГМ

Жүре пайда болған нистагмның жиі себебі – есірткі немесе кейбір дәрілік препараттарды қабылдау. Фенитоин (Дилантин) – құрысуға қарсы препарат, алкогольді немесе кез келген тыныштандыратын препаратты шамадан тыс көп тұтыну құлақ лабиринтінің қызметін бұзуы мүмкін.

Аурудың пайда болуының басқа себептері:

  • ЖОЛ-көлік апатындағы бас жарақаты

  • Ішкі құлақ аурулары, мысалы, лабиринтит немесе Меньер ауруы

  • Инсульт

  • Организмдегі тиаминнің немесе В12 дәруменінің тапшылығы

 

Көздің қозғалысын бақылайтын мидың аумақтарының зақымдануындағы мидың кез келген ауруы (мысалы, шашыраңқы склероз немесе ісік) нистагмды туындатуы мүмкін.

 

Үйдегі күтім

Көрудің бұзылысын немесе жүйке жүйесінің ауруларын, бас айналуын жою үшін үй-жайдың жағдайына өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Нистагм симптомдары болса немесе оған күмән пайда болса, дәрігерге көріну қажет.

 

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Емдеуші дәрігер сырқатнаманы мұқият зерттеп, медициналық тексеруді өткізеді, жүйке жүйесі мен ішкі құлаққа көңіл бөледі. Тексеріп, қарау кезінде дәрігер көзәйнек киюді өтінуі мүмкін, бұл көзді үлкейтіп көретуге мүмкіндік береді.

Нистагмды тексеру үшін дәрігер келесі ем-шараны жүргізуі мүмкін:

  • 30 секунд бойы айналуды, одан кейін тоқтап, нысанға қарауға тырысуды өтінеді.

  • Алдында көз баяу, бір бағытта қимылдап, одан кейін тезірек, қарама қарсы бағытта қимылдайды.

 

Егер нистагм басқа аурумен байланысты болса, көздің қимылы аурудың себебіне байланысты болады.

Сырқатнаманы толтыруда жиі қойылатын сұрақтардың мысалдары:

  • Көздің мұндай қозғалысын қашан алғаш рет байқадыңыз?

  • Қаншалықты жиі болады?

  • Көздің еріксіз қозғалысы пайда болғанға дейін не болды ?

  • Аурудың барысы жақсарды ма, нашарлады ма, немесе басындағыдай ма?

  • Көздің қозғалысы бір жақтан екінші жаққа қарай бағытталған ба?

  • Көздің қозғалысы жоғары –төмен бағытталған ба?

  • Қандай дәрілік препараттарды қабылдап жүрсіз?

  • Басқа симптомдар байқалады ма ?

 

Науқасқа келесі тексеру түрлері тағайындалады:

  • Мидың КТ

  • Электроокулография: көздің қозғалысын шағын электродтардың көмегімен бағалаудың электр әдісі

  • Мидың МРТ

  • Көздің қозғалысын тіркеу арқылы вестибулярлық тексеру.

Көпшілік жағдайда туа біткен нистагм емделмейді. Жүре пайда болған нистагмның емдеуі оны туындатқан аурудың себебіне байланысты. Кейбір жағдайда нистагмды жоюға келмейді. Егер нистагм дәрілерді қабылдаумен немесе инфекциямен байланысты болса, ол әдетте, себебі жойылғанда өтеді, мысалы, дәріні қабылдауды тоқтатқанда.

Балалық нистагм синдромы бар науқастарда көру қызметін жақсарту үшін келесі емдеу әдістері көмектесуі мүмкін:

  • Призмалар

  • Тенотомия секілді операциялар

  • Балалық нистагмды дәрі-дәрмекпен емдеу.

 

Синонимдары

Көздің еріксіз қозғалысы; көздің бір жақтан екінші жаққа тез қозғалысы; Көздің бақылауға келмейтін қозғалысы. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.