.

Нәрестелердің сарғыштануы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Нәрестелердің сарғыштануы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

 

Жалпы ақпарат

Нәрестелердің сарғыштануы – қанда билирубин деңгейінің көтерілуімен жүретін жағдай. Билирубин – ескі эритроциттердің бұзылуынан пайда болатын сары денешік. Билирубин бауырда бұзылып, организмнен үлкен дәретпен шығып кетеді.

https://www.zdrav.kz/images/refs3/zheltuha.jpg

Қанда билирубиннің жоғары деңгейі кезінде тері және шырышты қабаттар сары түске боялады. Осы жағдайды сарғыштану деп атайды.

Нәрестелердің сарғыштануы көптеген себептермен байланысты, бірақ көб нәрестелерде бүл жағдай физиологиялық сарғыштану деп аталады. Бауыр толығымен дамымағандықтан пайда болатын қалыпты процесс. Бұл сарғыштану түрі бірнеше күн ғана жүреді. Сарғыштануы бар нәресте дәрігердің қарауында, қандағы билирубин деңгейі қалыпты деңгейге түскенге дейін болады.

Себептері

Нәресте туылғаннан кейін бірден билирубин деңгейінің кішкене жоғарлауы қалыпты жағдай.

Нәресте анасының құрсағында өскенде, плацента нәресте организмінен билирубинды шығарып отырады. Плацента жүктілік кезінде нәрестемен бірге өсіп, нәрестені қорғайды. Нәресте туылғаннан кейін бұл функцияны бауыр орындайды. Бұл процесске бірнеше уақыт қажет болады.

Терінің сарғыштануы көптеген нәрестелерде болады. Оны “физиологиялық сарғыштану” деп атайды. Бұл жағдай қауіпті емес және 2-4 күні пайда болады. Симптомдар 2 апта ішінде жоқ болып және асқынулар бермейді.

Физиологиялық сарғыштанудың екі түрі бар. Екі түрі де қауіпті емес.

  • Емізушілік сарғыштану. Нәрестенің 1 аптасында пайда болады.
  • Ана сүтінің сарғыштануы. Нәрестенің өмірінің 7-күнен кейін пайда болады. Әдетте бұл жағдай 2-3 аптаға дейін болады. Оның пайда болу себебі ана сүтіндегі қоректік заттардың, бауырдағы билирубин бұзылуына әсер етуінен дамиды.

Сарғыштанудың ауыр түрі дамиды, егер сіздің балаңызда организмде ауыстыруды қажет ететін эритроциттерді мөлшері көп болса. Ол мынадай жағдайларда болады:

  • Аномальды қан жасушаларының пайда болуы
  • Ана мен баланың қан топтарының сәйкес келмеуі
  • Қиын босанумен шақырылған баланың бас сүйегінде пайда болған қан құйылулар (кефалогематома)
  • Шала туған нәрестелерде және кейбір егіздерде кездесетін эритроциттердің жоғары деңгейі
  • Инфекциялар
  • Арнайы қажетті нәруыздардың (ферменттердің) жетіспеуі немесе болмауы

Организмнің белгілі жағдайында билирубинды шығару қиынға соғады, соның нәтижесінде сарғыштануы ауыр формасына өтіп кетеді. Бұл жағдайларға жатады:

  • Кейбір препараттарды қолдану
  • Туа пайда болған инфекциялар. Қызамық, сифилис және басқалар
  • Бауыр мен өт жолдарының зақымдайтын аурулар. Муковисцидоз немесе гепатит
  • Оттегінің төмен деңгейі (гипоксия)
  • Инфекциялар (сепсис)
  • Көптеген генетикалық немесе тұқымқуалайтын аурулар

 

Симптомдар

Сарғыштану кезінде тері түсі сары түске боялады. Сарғыштану бет терісінен басталып, төменге қарай кеудеге, іш аймағына, аяққ және табанға өтеді.

Кейде сарғыштануы бар балалар тез шаршағыш және тәбеті төмен болады.

Диагностика

Әрбір сарғыштануы бар балаларға бірден билирубин деңгейін тексерту керек. Ол үшін қанды анализге алады.

Көптеген ауруханаларда барлық нәрестелердің бірінші 24 сағатында жалпы билирубин деңгейін тексереді. Ол үшін арнайы зонд арқылы нәрестенің терісіне тигізіп билирубин деңгейін анықтайды. Егер нәтижелері жоғары болса, онда қан анализы арқылы дәлелдеу қажет.

Міндетті тексерулер:

  • Жалпы қан анализы
  • Кумбс сынамасы
  • Ретикулоциттердің деңгейін анықтау

Ары қарай ем қажет болған жағдайда ғана тексеруді жалғастыру керек болады.

Емі

Негізінде бұл жағдайда ем қажет емес.

Дәрігер ем тағайындаған кезде ескеру қажет:

  • Нәрестенің билирубин деңгейін
  • Билирубин деңгейінің жоғарлау жылдамдығын
  • Нәресте уақытынан ерте босанды ма
  • Тексеру кезіндегі нәресте жасы

Егер билирубин деңгейі өте жоғары болса ем міндетті түрде қажет.

Баланы жиі емшек сүтімен немесе сүт қоспаларымен тамақтандырыңыз. Жиі тамақтандыру (күніне 12 ретке дейін) ішек функциясын арттырады, солай билирубин деңгейі қалпына келеді.

Кейбір нәрестелер перзентханадан шықпай түрып емдеуді қажет етеді. Басқаларына ауруханаға бірнеше күнге оралуға мәжбүр болады. Емі ұзақтығы 1-2 күн.

Ем ретінде ультрафиолет қолдану мүмкін. Бұл процедура фототерапия деп аталады. Ультрафиолеттік сәулелер терідегі билирубин бұзылуына көмектеседі.

Нәресте арнай жасанды жарық түсіретін лампа астында жатады. Балаға тек қана жөргекше және көіне арнайы көзілдірік кигізеді. Педиатрлар фототерапия кезінде емізуді кеңес ретінде береді. Сирек жағдайларда нәрестеге тамырішілік сұйықтық енгізу қажет болады.

Егер билирубин деңгейі өте жоғары болмаса, онда фототерапияны үй жағдайында қолдануға болады. Ол үшін арнайы оптикалық-талшықты көрпеше қолданылады.

  • Фототерапия кезінде ссізге баланы әрбір 2-3 сағат сайын тамақтандыру қажет болады (күніне 10-12 рет)
  • Медицина қызметшісі сіздің үйіңізге келіп, сізге көрпешемен қолдануды, баланың жағдайын бақылауға үйретеді.
  • Медицина қызметшісі күнде келіп, баланың салмағын, тері жағдайын және билирубин деңгейін тексеріп тұрады.
  • Сізге дымқыл және кір жөргекшелерді санап тұруыңыз керек болады.

Өте ауыр жағдайларда қанды құю қажет болады. Процедура мақсаты бала қаның жаға плазмаға ауыстыру болып табылады.

Болжамы

Әдетте нәрестелердің сарғыштануы қауіпті емес. Көптеген балаларда сарғыштануы емсіз 1-2 апта ішінде қайтып кетеді.

Билирубиннің өте жоғары деңгейі миды зақымдауы мүмкін. Бұл жағдай ядролық сарғыштану деп аталады. Алай бұл жағдай дамымай тұрып анықталады.

Емі әдетте эффективті.

Асқынулар

Сирек, бірақ қауіпті асқынулар:

  • ДЦП (балалық церебральды паралич)
  • Кереңдік
  • Ядролық сарғыштану – мидың билирубиннің өте жоғары деңгейінен зақымдану

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Барлық нәрестелер өмірінің 5-күнінен дейін дәрігермен тексеру керек.

  • Перзентханада 24 сағаттан аз болған нәрестелер, 72 сағатқа дейін тексерілу керек
  • 24-48 сағат аралығында перзентханадан шығарылғандар, 96 сағатқа дейін тексеріледі.
  • 48-72 сағат аралығында перзентханадан шығарылғандар, 120 сағатқа дейін тексеріледі

Сарғыштану қауіпті болады, егер балада қызба болса немесе тәбеті жаман болса.

Әдетте сарғыштану ҚАУІПТІ ЕМЕС. Бірақ, мына жағдайларда педиатрға қаралыңыз:

  • Сарғыштану ағымы ауыр
  • Сарғыштану 2 аптадан көп болса немесе басқа симптомдар пайда болса.
  • Сарғыштану кқбінесе аяқта және табанда

Профилактика

Нәрестелердің сарғыштануы қалыпты болғандықтан оны алдын-алу мүмкін емес. Даму қаупін түсіру үшін баланы жиі ана сүтімен тамақтандырып жүру керек.

Барлық жүкті әйелдер қан тобы мен аномальды антиденелрге тексерілу керек. Егер анасында резус теріс болса, онда нәрестені тексеру қажет. Егер анасында O(I)Rh+ қан тобы болса тексеру қажет болу мүмкін.

Баланының өмірінің бірінші 5 күнінде жақсылап тексеріп жүрсе, онда көптеген асқынуларды алдын алуға болады.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.