Облитерлеуші тромбангиит
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Болжамды асқынулары
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
Анықтамасы
Облитерлеуші тромбангиит - қол мен аяқтың қан тамырларының бітелуімен сипатталатын сирек ауру.
Себептері
Облитерлеуші тромбангиит (Бюргер ауруы) ұсақ қантамырлардың қабынуы мен ісінуінен туындайды. Бұл кезде қан тамырлары тарылады немесе олар тромбпен (тромбоз) бітеледі. Көптеген жағдайларда қол және аяқ қантамырлары бітеледі. Көктамырға қарағанда артериялар жиі зақымдалады. Ауру белгілерінің байқалуының орташа жасы - 35 жас. Әйелдер мен қарт адамдар сирек ауырады.
Бұл ауруға көбінесе 20-40 жастағы темекі шегетін және табак қолданатын ер адамдар шалдығады. Тек 10 науқастың 1-і - әйел. Мұндай пациенттердің көпшілігінде ауыз қуысының гигиенасы өте төмен, бұл табак қолданумен байланысты.
Сирек жағдайларда бұл ауру аутоиммунды аурулары бар балаларда кездеседі.
Облитерлеуші тромбангиит - қол және аяқ қантамырларының бітелуіне әкелетін ауру. Қан тамырларының саңылауытарылады немесе қабыну мен тромбтардың салдарынан толығымен бітеледі, бұл қанның тінге өтуін төмендетеді. Облитерлеуші тромбангиитпен20-40 жас аралығындағы темекі шегетін және табак қолданатын ер адамдар зардап шегеді.
Симптомдары
-
Аяқ-қол саусақтарының бозаруы, қызаруы немесе көгеруі және мұздауы
-
Аяқ-қолдардың ауырсынуы
-
Өткір,күшті ауыру сезімі
-
Күйдіру немесе шаншу сезімі
-
Жиі тыныштық жағдайда пайда болады
-
Эмоционалдық күйзеліс немесе суықтан кейін нашарлауы мүмкін
-
Жүрген кезде (ара-кідік ақсаңдау)сандағы, тобықтағы немесе табандағы ауыру сезімі,жиі табан күмбезінде пайда болады.
-
Терідегі өзгерістер, аяқ-қолдың саусақтарында жаралардың пайда болуы
-
Негізінде екі немесе одан көп аяқ-қолдардардың зақымдануы болады.
Диагностикасы
Келесі тексерулер зақымданған аяқ немесе қол қантамырларының бітелісін анықтауы мүмкін:
-
Плетизмография – аяқ-қолдарды арнайы ультрадыбыстық тексеру
-
Аяқ-қолдардың ультрадыбыстық допплерографиясы
-
Басқа ауруларды (васкулит, тромбозбен көрінетін) жоққа шығару үшін қан анализі керек. Оларға қант диабеті, склеродермия және атеросклероз жатады. Сирек жағдайда диагноз қоюда қиындықтар туса қан тамырларының биопсиясын жүргізеді.
Емі
Облитерлеуші тромбангииттің арнайы емі жоқ. Емдеудің мәні аурудың симптомдарын бақылау және науқастың жағдайының нашарлауына жол бермеу болып табылады.
Науқас табакты пайдалануды тоқтату керек. Сондай-ақ, қол мен аяқтағы қан ағымын азайтатын суық температура мен басқа жағдайлардан аулақ болу маңызды.
Жылы басу, массаж және жеңіл жаттығулар науқастың жағдайын жеңілдетуі мүмкін.
Қантамырларын кеңейтетін (вазодилаторлар) аспирин мен дәрілік препараттарды қабылдау көмектесумүмкін. Ауыр жағдайларда аяқ-қолдардағы тұрақты ауырсынудыжою үшін зақымданған аймақтағынервтерді (хирургиялық симпатэктомия)алып тастау үшін хирургиялық операция жасалады.
Некроз немесе гангрена(тіннің инфекциясы мен өліеттенуі) болғанда, аяқ-қолдың ампутациясықажет.
Болжамы
Шылым шегуді және табак қолдануды тоқтатқан кезде облитерлеуші тромбангииттің симптомдары жоғалуы мүмкін. Табак қолдануды тоқтатпаған адамдарға аяқ-қол саусақтарының зақымданған жеріне қайтадан ампутация жасау қажет болуы мүмкін.
Болжамды асқынулары
-
Гангрена (тіндердің өліеттенуі)
-
Қол немесе аяқ саусақтарының ампутациясы
-
Зақымданған аяқ-қолдардағы қанайналымның тоқтауы
Дәрігерге қашан қаралу керек
Медициналық көмекке мынандай жағдайда жүгініңіз:
-
Облитерлеуші тромбангииттің симптомдарыпайда болса
-
Сіз облитерлеуші тромбангиитпен зардап шексеңіз және оның симптомдарыем жүргізілген жағдайда да күшейсе
-
Жаңа симптомдарпайда болса
Профилактикасы
Рейно ауруымен ауыратын, аяқ-қолдарында ойық жаралары бар және аяқ – қол саусақтарының көгеруі мен ауырсынуынан зардап шегетіндер адамдар шылым шегу мен табак қолдануды тоқтату керек.
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.