Ортаңғы құлақтың отиті
Құлақ инфекциясы (жіті ортаңғы отит) – ата-аналардың педиатрға баруының негізгі себебі. Инфекция дыбыс жарғағының артындағы қуыста (ортаңғы құлақ аталатын) пайда болады.
Инфекция жіті және созылмалы болады. сондай-ақ, отит құлақтан бөліндімен қосарланады, (қараңыз: ортаңғы құлақ отиті, бөліндімен). Көбінесе, құлақ инфекциясы суық тиюден кейін бірнеше күн өткенде немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясынан кейін дамиды.
Суық тиюде, көмейдің инфекциясында, немесе көмей қуысын ортаңғы құлақ қуысымен қосатын каналдың қабырғасының (евстахиев түтігі) аллергиясында ауаның ортаңғы құлақ қуысына түсуіне кедергі келеді. нәтижесінде, теріс қысым орнайды, бұл сұйықтықтың ортаңғы құлақ қуысына ағуына апарады. ортаңғы құлақ қуысында қалған сұйықтық вирустар мен бактериялардың өсуіне және инфекцияның дамуына апарады.
Евстахиев түтігінің тітіркенуіне, қабынуына, бітелуіне ықпал ететін бірқатар факторлар бар. Оларға жататындар:
· Қуыстарға суық тиюі және қабынуы
· Аденоидтардың өсуі
· Тіс өскен кезде сілемейдің артық бөлінуі
· Аллергиялық серпін.
Құлақ инфекциясы 8 жасқа дейінгі сәбилерде кең таралған. Жас сәбилерде евстахиев түтігі қысқалау, жұмсақ және көлденең орналасады, сондықтан, үлкен балалар мен ересектерге қарағанда тез тежеледі. Көбінесе, инфекция арқасында жатып, бөтелкеден ішетін балаларда жиі байқалады.
Жіті ортаңғы отиттің симптомдары: құлақтағы ауырсыну, құлақтың бітелгендей сезімі, жоғары температура, құлақтан қою сары бөлінді шығуы, ашушаңдық, тәбетті жоғалту, жүрек айнуы, құсу, ұйқыдағы мәселелер, диарея, естімей қалу мүмкіндігі.
Диагнозды дәрігер отоскоппен қарау арқылы қояды. Әдетте, инфекцияның белгісін қою жеңіл – қызару, сұйықтықтың немесе іріңнің болуынан. Кейде есту қызметіне тест жүргізіледі, ол ұзақ созылмалы инфекцияда бұзылуы мүмкін.
Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. балаларға аспирин беруге болмайды. Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда. Антибиотиктерге сезімталдыққа тест жүргізген жөн. Инфекцияның қайталануында ортаңғы құлақ қуысын шайып, желдету үшін түтік енгізуде хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін (миринготомия).