Псориаз
Анықтамасы
Себебі
Симптомдары
Емі
Болжамы
Қай кезде дәрігерге қаралу керек
Алдын алу
Синонимдер
Псориаз - бұл кең таралған терінің қызауымен және тітіркенуімен көрінетін тері ауруы. Псориазбен ауыратын көптеген адамдарда терісінің қалыңдауы, қызаруы және теріде қатпарланған қабыршақтанған ақшыл-жылтыр дақтар пайда болады.
Сурет: тері құрылысы
Себебі
Псориаз өте кең таралған. 15-35 жас аралығында өте кең таралған кез келген адам ауруы мүмкін.
Сіз псориазды біреуден жұқтырып ала алмайсыз және айналаңызға жұқтыра алмайсыз.
Псориаз тұқымқуалау арқылы беріледі. Дәрігерлер аутоиммунды ретінде санайды. Иммундық жүйе қателесіп, ағзаның сау тіндерін бұзып қабынуын шақырады.
Терінің қалыпты жасушалары терінің терең қабатында өсіп бір ай ішінде оның беткейіне көтеріледі. Псориазда бұл үрдіс өте тез жүреді. Өлген жасушалар терінің беткейінде жинақталады.
Төменде көрсетілген факторлар псориаздың асқынуына немесе емінің қиындауына алып келеді:
-
Бактериалді немесе вирусты инфекция, соның ішінде жоғарғы тыныс жолдарының жіне тамақтың стрептококкты инфекциямен қабынуы
-
Құрғақ ауа және құрғақ тері
-
Тері зақымдануы соның ішінде кесіп алу, күйік, жәндіктердің шағып алу
-
Кейбір дәрілік препараттар, малярияға қарсы, бета-блокаторлар, литий препараттары
-
Стресс
-
Күн сәулесі әсерінің жеткіліксіздігі
-
Күн сәулесінің әсеріне ұшырау (күн өту)
-
Алкоголді шектен тыс пайдалану
Псориаз иммунитеті төмен адамдарда өршуі мүмкін. Бұл келесі факторлармен байланысты болуы мүмкін:
-
АИТВ
-
Аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит секілді)
-
Онкологиялық аурулар болуына байланысты химиотерапия
Кейбір адамдарда псориазбен бірге артрит дамуы мүмкін (псориатикалық артрит).
Симптомдары
Псориаз кенеттен пайда болып баяу дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жоғалып кетіп, кейін қайтадан пайда болуы мүмкін.
Аурудың негізгі симптомы болып тітіркену, қызару және терінің қабыршақтануы саналады. Терінің қабыршақтанған аймағы ең жиі шынтақта, тізеде және дененің орталық бөлігінде орналасады. Бірақ дененің барлық бөлігінде кездесуі мүмкін, сонымен қатар бас терісінде.
Тері болуы мүмкін:
-
Қышу
-
Құрғақ және жылтыр қабыршақпен жабылған
-
Күлгін-қызыл түстес (ласос түсі)
-
Рельефті және қалыңдаған
Басқа симптомдарына жатады:
-
Ерлердегі генитальді жаралар
-
Буындағы ауру сезімі
-
Тырнақтың өзгерісі, тырнақтың қалыңдауы, сары-қоңыр түстес болуы, тырнақтың ойыс немесе тері үстінен жоғары көтерілуі
-
Бас терісіндегі қайызғақтар
Псориаздың негізгі 5 түрі бар:
-
Эпидермалық- көп аймақты алып жатқан терінің өте интенсивті қызаруы;
-
Тамшытәріздес- теріде қызыл-күлгін дақтардың болуы
-
Төңерілген –терінің қызаруы және тітіркенуі қолтық асты шұңқырында орналасады. Тері қатпарларында және шап аймағында
-
Қабыршақтанған- қалыңдаған, қызыл аймақ , ақшыл-жылтыр қабыршақтармен. Бұл псориаздың ең көп таралған түрі.
-
Пустулезді-ақ күлбіреулер, терінің қызарған және тітіркенген аймақтарымен қоршалған.
Тексеру
Дәрігер немесе медбике жиі жағдайда теріге қарау арқылы диагностикалай алады.
Кейде терінің басқа да ауруларын жоққа шығару үшін терінің биопсиясы жасалады. Егер сіздібуын аймағындағы ауырсыну мазаласа дәрігер сізге рентген зерттеуін тағайындауы мүмкін.
Емі
Ауруды бақылау және инфекцияның алдын алу емдеу мақсаты болып табылады.
Емнің қолжетімді түрлеріне жатады:
- Теріге арналған лосьон, май, крем және шампунь. Бұл жергілікті ем деп аталады.
- Иммундық жүйенің жұмысын жақсартатын емдік препараттар. Бұл жүйелік емдеу деп аталады.
- Фототерапия псориазды емдеу үшін жарықты пайдалану.
ЖЕРГІЛІКТІ (ТОПИЯЛЫҚ ЕМ)
Көптеген жағдайда псориаз тікелей теріге немесе басқа жағылатын дәрілермен емделеді. Оларға жатады:
-
Құрамында кортизоны бар май немесе мазь;
-
Құрамында тас көмір шайыры немесе антралин бар мазь немесе май;
-
Қабыршақтануды азайтатын крем (әдетте салицил немесе сүт қышқылымен)
-
Қайызғаққа арналған шампунь
-
Ылғалдандырғыш заттар
-
Құрамында А немесе Д витаминдері бар емдік препараттар (ретиноидтар)
ЖҮЙЕЛІК (КОМПЛЕКСТІ) ЕМ
-
Ауыр псориаз кезінде дәрігер сізге иммунды жүйенің дұрыс емес жұмысын басатын препараттар тағайындайды. Бұл препараттарға метотрексат немесе циклоспорин жатады. Сонымен қатар ацитретин сияқты ретиноидтар тағайындауы мүмкін.
-
Егер бұл емдеу тәсілдерінің біреуі әсер етпесе, жаңа пбиопрепарат деп аталатын препараттарды тағайындайды. Псориазды емдеуге арналған биологиялық препараттарға жатады:
-
· Адалимумаб (Хумира)
-
· Этанерцепт (Энбрел)
-
· Инфликсимаб (Ремикейд)
-
· Стелара
ФОТОТЕРАПИЯ
Кейбір адамдар фототерапияны жақсырақ емдеу тәсілі ретінде санауы мүмкін.
-
Фототерапия- бұл сіздің теріңізді ультракүлгін сәуле көмегімен мұқият жарықтандыратын медициналық емдеу тәсілі
-
Фототерапия өздігінен немесе сіздің теріңізді жарыққа сезімтал ететін дәрілік препараттарды қабылдағаннан кейін жүргізілуі мүмкін
-
Псориазды емдеу үшін ультракүлгін сәулелердің А (УК А) және В (УК В) типі қолданылуы мүмкін
ЕМДЕУДІҢ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ
Ифекция болған жағдайда дәрігер сізге антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
ҮЙ КҮТІМІ
Үйде сіз міндетті түрде төменде көретілген кеңестерді ұстаныңыз:
-
Псориазда күнделікті ванна немесе душ қабылдау көмектесуі мүмкін. Теріңізді қатты қырмаңыз, бұл тітіркену мен ауру ұстамасына әкелуі мүмкін.
-
Сұлы қауызымен ванна қабылдасаңыз тыныштандыратын әсер беріп және терідегі қабыршақтардан арылуға көмектеседі. Сұлы қауызымен ванна қабылдау үшін сіз арнайы өнімді қолдансаңыз болады. 1 шыныаяқ сұлы қауызын жылы сумен ваннаға қосып жіберсеңіз болады.
-
Терінің ылғалдылығын және тазалығын сақтау, псориазға әкелетін арнайы әсерлерді жою аурудың таралуын қысқартуға көмектеседі.
-
Күн сәулесі симптомдарды жеңілдетуі мүмкін. Мұқият болыңыз күн сәулесі өтіп кетпесін.
-
Әртүрлі релаксация тәсілдері және стресспен күресу пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен псориаздың асқынуы мен стресстің әлі толық зерттелмеген.
-
Алкогольді сусындарды ішуді тоқтату псориаздың өршуінің алдын алады.
-
Болжамы.
-
Псориаз- еммен бақыланып отыратын өмірлік ауру. Ұзақ уақыт аралығында көрінбей, кейін қайта қайталануы мүмкін. Тиісті еммен сіздің жалпы денсаулық жағдайыңызға әсер етпейді. Кейбір адамдарда псориазбен бірге артрит дамуы мүмкін.
Қай кезде дәрігерге қаралу керек
-
Дәрігерге қаралыңыз. Егерде сізде псориаз белгілері пайда болса, немесе жүргізілген емнен кейін терінің тітіркенуі қайтпаса.
-
Егер сізде псориаздың асқыну ұстамалары мен буындағы ауру сезімі және қызба мазаласа дәрігеріңізге айтыңыз.
-
Егер сізді артрит белгілері мазаласа дерматолог немесе ревматолог дәрігерге қаралыңыз.
-
Бүкіл денеңізді қамтитын аурудың ауыр ұстамасы болса тез арада дәрігерге қаралыңыз.
Алдын алу
Псориаздың алдын алуыдың қандай да бір тәсілі жоқ.Терінің ылғалдылығын және тазалығын сақтау, псориазға әкелетін арнайы әсерлерді жою аурудың таралуын қысқартуға көмектеседі.псориазы бар адамдарға дәрігерлеркүнделікті ванна немесе душ қабылдауға кеңес береді. Бірақ теріні қатты қырмауға тырысу керек, бұл терінің тітіркенуін шақырып, аурудың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.