Тендинит
Тендинит – сіңірдің ішіндегі және маңындағы қабыну, шаршаудан болатын қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы секілді ауырсынуға апарады. Бірақ, қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы – уақытша болса, тендинит тұрақты, ауырсынуы басылмайды. Алайда, егер сіңірді сол ауруды туындатқан ырғақпен жұмыс істететін болсаңыз, оны жеңу қиынға түседі. Бұл барлығына қатысты – әлемдік дәрежедегі марафонды жүгіретіндер мен терезе жуушылардан бастап хатшыларға дейін. Дегенмен, тендиниттің көрінісін азайтуға және күрделі асқынуының алдын алуға болады.
Емдеу. Тендинит физиотерапиялық әдістер, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы құралдардың көмегімен емделеді. Ауыр зақымдануда антибиотиктер мен хирургиялық емдеу қажет болады. емдеу барысында зақымданған байламның тұсында дене жүктемесін шектеу қажет, және ұстап тұратын таңғышты қолдану қажет.