Зейін жеткіліксіздік және гиперактивтілік синдромы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдар
Диагностика
Емі
Болжамы
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Жалпы ақпарат
Зейін жеткіліксіздік және гиперактивтілік синдромы (СДВГ) – дамудың бұзылысымен сипатталатын жүретін, өз алдында мынадай симптомдар көрініс береді: зейінге концентрация қиындығы, гиперактивтілік, тәртіптің бұзылысы немесе олардың комбинациясы. СДВГ диагнозын қою үшін, симптомдар осы жасқа және даму деңгейіне сай қалыпты тәртіпке ұқсас болмау керек.
Себептері
СДВГ әдетте балалық шақта дамиды, бірақ ересектерде де кездесу мүмкін. Әдетте ол балалардың мінез-құлығының бұзылысы ретінде диагностикаланады. СВДГ ұл балаларда жиірек кездеседі.
СДВГ дамуныа алып келетін себептер әлгі күнге дейін анықталмаған. Мүмкін, баланың даму бұзылыснда тұқымқуалайтын фактор мен қоршаған орта факторлары әсер етеді. Ғылыми зерттеулер көрсетеді: СДВГ бар балаларда бас миы, СДВГ жоқ балалардың бас миына қарағанда өзгеше.
Симптомдар
СДВГ симптомдары үш топқа бөлінеді:
- Зейін салу қиындығы (зейіңсіздік, невнимательность)
- Шамадан тыс активтілік (гиперактивтілік)
- Мінез-құлықтың бақыланбауы (импульсивтілік)
СДВГ бар адамдардың көбінде зейін салу қиындығы негізгі симптом болып табылады. Кейбіреулерінде негізгі симптомдар гиперактивтілік пен импульсивтілік. Басқаларанда әртүрлі симптомдар комбинациясы кездеседі. Егер көбінесе зейін салу қиындық симптом басым орын алса, онда бұл зейін жетіспеушілік синдром (синдром дефицита внимания, СДВ) деп аталады. СДВГ-ға қарағнда ол жеңіл өтеді.
Зейіңсіздік симптомдары:
- Үй жұмысы тапсырмаларында қателер немесе белгілі бір затқа зейін сала алмауы
- Ойын кезіңде балаға зейің салу қиын
- Біреу сөйлеп жатқанда, балалар тындамайды
- Нұсқауларды орындамайды және мектеп немесе үй жұмыстарын аяқтай алмайды
- Іс-шара ұйымдастыруда қиындықтар туындайды
- Ақыл-ой қажет ететін есептерді ұнатпайды
- Ойыншық, қалам, кітап немесе құрал-саймандарды жиі жоғалтады
- Оңай алаңдап қалады
- Күнделікті жұмыс кезіңде ұмытшақ
Гиперактивтілік симптомдары:
- Бала бір орында отыра алмайды, қол мен аяқтары жыбырлай береді
- Басқалары бір орында отырғанда, өзі отыра алмайды
- Керек емесе жағдайларда айналады жүгіріп немесе өздері қалаған жерге мініп кете береді
- Тыныш ойнап немесе жұмыс істей алмайды
- Көп сөйлейді
Импульсивтілік симптомдары:
- Сұрақ толығымен қойылғанға дейін жауап береді
- Кезекте тұрумен байланысты қиындықтар
- Басқалар сөйлеп немесе ойнап жатқан кезде сөз бұзады
Диагностика
Егер СДВГ-ға күмәң пайда болса, ол адам арнайы мамаңға қаралу керек. СДВГ диагнозын дәлелдеп немесе жоққа шығаратын тесттер жоқ. Диагноз симптомдарға қаралып қойылады. Балаға СДВГ диагнозы қойылған кезде, әдетте ата-анасы мен мұғалімдері симптомдарға баға бергенде қатысады.
СДВГ бар балалардың көбісінде, кем дегенде бір психикалық бұзылыс болады. Мысалы: көңіл-күй бұзылысы, үрей, психоактивті заттарды қолдану, білім ала алмау немесе тартулар (тики). Дәрігер осындай жағдайлардың болуын анықтайды.
Емі
Баланың емінде ата-анасы мен мұғалімдері қатысады. Ем үшін қажет:
- Арнайы мақсатты қою
- Дәрілік және/немесе мінез-құлықтық терапия
- Кейін тұрақты түрде дәрігермен мақсаттар, нәтижелер және дәрілердің жанама әсерлері жайлы хабарласып тұру керек.
Егер ем көмектеспесе, онда дәрігерге мынадай нәрсе қажет болады:
- Пациентте СДВГ бар екене сенімді болу
- Осындай симптомдарды шақыратын ауруларды анықтау
- Ем жоспары орындалып жатқанына сену
Дәрілік препараттар
Мінез-құлықтық терапия мен дәрілік препараттар жақсы әсер көрсетеді. СДВГ емінде қолданылатын бірнеше препараттар бар.
Психостимуляторлар СДВГ емінде жиі қолданылатын дәрі-дәрмектобы. Осы препараттар стимуляторлар деп аталғанымен, негізінде олар тыныштандыратын әсер көрсетеді.
СДВГ емінде қолданылатын препараттарды қабылдау кезінде дәрігердің нұсқауларын қолданыңыз.
Кейбір препараттардың жанама әсерлері бар. Жанама әсерлері пайда болған сәтте дәрігерге хабарласыңыз. Мүмкін, препаратты ауыстыру қажет болады немесе дозасын коррекциялау керек.
Терапия
СДВГ кезіңде қолданылатын көп таралған терапия, ол мінез-құлықтық (поведенческая) терапия. Ол балаларға және ата-аналарына салауатты өмір салтына және мінез-құлықты бақылауға үйретеді. СДВГ-нің жеңіл түрінде тек осы терапия өзі ғана көмектесу мүмкін (препараттарсыз).
СДВГ бар балаға көмектесетін кеңестер:
- Баланың мұғалімімен үнемі сөйлесіп тұрыңыз.
- Үй жұмысы, тамақтану, ойнау, серуендеуге байланысты күнделікті жоспар құрыңыз. Жоспарға өзгертулерді соңғы сәтте емесе, алдын-ала жасаңыз.
- Баланы алаңдататын факторларды азайтыңыз.
- Баланың тағам рационы клетчатка мен қажетті қоректік заттарға бай болу керек.
- Бала жеткілікті ұйықтау қажет.
- Жақсы мінез-құлығы үшін баланы мақтап және марапаттап жүріңіз.
- Балаға нақты және жүйелі ережелер орнатыңыз.
Альтернативті ем жолдары (фитотерапия, тағам қоспалары, хиропрактика) СДВГ емінде эффективті деген дәлел жоқ.
Болжамы
СДВГ ұзақ және созылмалы жүреді. Егер дұрыс емдесе, СДВГ мынадай жағдайға алып келу мүмкін:
- Нашақорлық пен алкогольге салыну
- Мектепте қиындықтар
- Жұмыс сақтауда қиындықтар
- Заңмен қиындықтар
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Егер сіз немесе мектеп персоналдары балада СДВГ симптомдарын байқаса, дәрігерді шақыртыңыз. Сіз дәрігерге мына жайлар туралы айтуыңыз қажет:
- Үй жағдайында, мектепте, құрдастарымен қиындықтар
- СДВГ еміндегі препараттардан жанама әсер
- Депрессия белгілері
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы