Спастиканы емдеу бойынша мультидисциплинарлық дәрігерлік консилиум ұйымдастырылды
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ
Спастиканы емдеу бойынша мультидисциплинарлық дәрігерлік консилиум ұйымдастырылды
Қазақстанда алғаш рет «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жетекші мамандарымен церебралды сал балалардағы (ЦСБ) спастиканы емдеу бойынша мультидисциплинарлық дәрігерлік консилиум ұйымдастырылды. Республикалық балаларды оңалту орталығы базасындағы консилиумге Асия Рашидқызы Ризванова және Арайлым Сағатқызы Оразбаева бастаған реабилитологтар бригадасы, сонымен қатар дәрігер нейрохирург Шашкин Шыңғыс Сақаұлы және дәрігер ортопед Сатжанов Азат Бикенұлы қатысты.
Бұл спастика проблемаларымен айналысатын дәрігерлердің кәсіби конструктивті диалогына айналды. Мамандармен ЦСБ спастикалық формалары бар әртүрлі жастағы 3 бала қаралды. Ауру тарихы талданды, одан арғы емдеу тәсілі айқындалды және зерттеулер тағайындалды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай консилиумдар жүйелі түрде өткізілетін болып шешілді. Келесі кезеңде атқарылатын жұмыс іріктелген пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мен оларды тезірек оңалту мақсатында белсенді түрде хирургиялық түзету болмақ.