Қазақстан кардиохирургтары еуропалық әріптестерді оқытуда
Қазақстан медицинасы көлемі және клиникалық шығындары бойынша барлық кеңес республикалары арасынан топ жарып Орталық Азия елдерін оза отыра, өз қадамдарын алға қарай нық басып келеді. Кардиохирургия саласындағы соңғы жылдар жетістіктері әлемің дамушы елдері арасындағы алғашқы жиырма клиникалардың қатарынан орын тебуге септігін тигізді.
Соңғы кездері әлемдік медициналық қауымдастық теңдесе жүретін, еуропалық профессорлар және белгілі кардиохирургтар қазақстандық мамандардан жүрек және қан-тамырлары ауруларын емдеу бойынша тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылық танытып келеді.
Сербия, Польша, Германия, Түркия және Италия кардиохирургиялық клиникаларының өкілдері үшін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында олардың сұрауы бойынша үш күн ішінде бірқатар шеберлік-класстар өтілді. Оқыту семинары шеңберінде отандық кардиохиругтар командасы ашық жүректе төрт операция жасады, бірнеше баяндамалар оқыды, және де кардиохирургиялық орталықтың сервистік қызмет деңгейі мен емделушілерді емдеуді ұйымдастырумен таныстырды.
Басқарма төрағасы Юрий Пя өз әріптестерімен шетел кардиохиругтары үшін жүректің жасанды сол жақ асқазанын имплантациялау барысын онлайн режимінде паш етті. Осы операция барысында еуропалық әріптестер сұрақ қоя отырып отандық мамандардың білікті жауаптарын алып отырды.
Шетелдік кардиохирургтар қызығушылығы кездейсоқ емес. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігерлері халықаралық медициналық қауымдастығы тарапынан жоғары құрметке ие болуы HeartMate III жаңа қондырғысы бойынша клиникалық зерттеуге қатысуға іріктелген тоғыз жетекші зерттеу орталықтарының қатарына енуге септігін тигізді. Үшінші буындағы жасанды жүрек аталмыш жаңа қондырғы, қан айналымының механикалық қуат көзінің соңғы өнертабысы.
Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана