.

Ресейлік әріптестер үшін шеберлік сынып | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ресейлік әріптестер үшін шеберлік сынып

Бүгінгі күні ғылыми медицина аясында елордалық кардиохирургия қызметіне үлкен қызығушылық танытады. Бұл Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығының сәтті қызметін сөзсіз дәлелдейтін факті болып табылады.
Таяуда ғана "ҰҒКО" АҚ кардиохирургтары ресейлік әріптестер үшін шеберлік сынып өтті, ал айдың соңына қарай кардиохирургия орталығына Шығыс Еуропаның, Таяу Шығыстың, Түркия мен Қытайдың тиісті шетелдік клиника өкілдерінің келуі жоспарланады.
Сондай-ақ Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы отандық кардиохирургтар үшін альма-матерге айналуда. Бұл күндері ҚР кардиохирургия қызметін дамыту және қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім деңгейін төмендету аясында алматылық әріптестер үшін шеберлік сыныптар өтуде. А.Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми-хирургия орталығы» АҚ-ның делегаттар тобы Астанаға оқуға келді.
«Біздің келуіміздің басты мақсаты - СЖЖ бар емделушілерді емдеу тәжірибесімен алмасу. Біз де мұндай емделушілерді емдеумен айналысамыз. Бұл шеберлік сынып оперблоктармен танысуға, оталарға қатысуға және жалпы инновациялық технологияларды қолдану саласындағы білімді тереңдетуге бағытталған» , - деп айтты топ жетекшісі Тулетаев Рүстем.

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана