Тараз клиникасындағы онлайн режимдегі ота
2015 ж. 27 наурызда Тараз қ. Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында келесі іс-шаралар біріктірілді: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келуі; Клиниканың директоры Джошибаев Сейтханның жетекшілігімен Қазақстанның жүрек-қан тамыр хирургтары қауымдастығы Басқармасының отырысы және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның кәсіпқой мамандарымен инвазивтік кардиохирургияны барынша азайту жөнінде шеберлік сынып.
Біздің мамандар онлайн режимде торакоскопиялық жабдықты қолдана отырып, барынша аз инвазивтік кіру арқылы митраль клапанына пластика жасау бойынша ота өткізді. «ҰҒКО» АҚ бригадасының құрамына келесілер кірді: Куатбаев Ермагамбет Мұқанұлы – кардиохирург-дәрігер, Сюйгенбаев Шаймұрат – анастазиолог, Аширов Жанибек – перфузиолог-дәрігер, Амреева Гаухар – кардиолог, Аккушкарова Бахыт – операция медбикесі.
Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана