.

Алма қатерлі ісік пайда болуы қаупін азайтуға көмектеседі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Алма қатерлі ісік пайда болуы қаупін азайтуға көмектеседі

Кешке алма жейміз, ауруға жол бермейміз!

Бұл ұранның айтылуы жай емес, жемістің шынайы қасиеттеріне негізделген.

Жуырдағы зерттеулер көрсеткендей, ұдайы алма жеу қатерлі ісіктер пайда болу қаупін төмендетіп, қандағы холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі, көптеген аурулардың алдын алудың оңтайлы әдісі, сонымен қатар, организмде қартаю үрдістерін бәсеңдетіп, иммундық жүйені нығайтатын заттектер – антиоксиданттардың оңтайлы көзі. 

Әрине, алма жеу сізді дәрігерге үнемі қаралып тұрудан толықтай босатпағанымен, суық тию ауруларымен күресте бұл жемістің көмегі теңдессіз.