.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігерлері Орталық Азия серіктестері үшін шебер-класстар өткізді | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігерлері Орталық Азия серіктестері үшін шебер-класстар өткізді

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия  орталығы» АҚ-да  (бұдан әрі -  ҰҒКО) Орталық Азия елдерімен іскерлік  серіктестікті дамыту  шеңберінде   «Жүрек аурулары  барысында қолқа және  митралды қақпақшаларды  ауыстырудың көкейкесті  мәселелері»  тақырыбы  бойынша екіапталық тренинг өтті. Бұған Өзбекстан және  Тәжікстанның белгілі  кардиохирургиялық орталықтарының дәрігерлері қатысты.

Шебер-класс теория  және  практикадан тұрды.  Тренинг бағдарламасы  аясында еліміздің  белгілі  кардиохирургтары Юрий  Пя, Ермағамбет Қуатбаев,  Тимур Лесбеков  жүректің  қолқа  және митралды  қақпақшаларын биологиялық протездерге  ауыстыру  бойынша  операциялар  жасады.  

Тренингтің  теориялық бөлімінде медицинаның соңғы жетістіктеріне сай жүрек және қақпақшалардың патологиясын оперативті  емдеудегі әлемдік  тәжірибенің қазақстандық баламасын көрсетті. Анестезиология, реанимация  және  қарқынды  терапия  (ересектер) бөлімшесінің  меңгерушісі  Тимур Қапышев  пен 1 кардиохирургия  бөлімшесінің  меңгерушісі  Серік  Бекбосынов осы тақырыпта өз баяндамаларын ұсынды. Өз кезегінде мейірбике  ісі  жөніндегі  директор Гүлнұр Нәдірбекова  ЖФСЖ  күрделі  диагнозы  бар емделушілерді күту бойынша және  жалпы  мейірбикелік қызмет турасында баяндама жасады.

Душанбе қаласының Республикалық клиника кардиохирургы, профессор Зубайдулло Абдурахимов әріптестерінің қабылдауына разы болып - «Осы  тренинг Орта Азия  елдерінің  кардиохирургтары  арасында  тығыз және  жемісті ынтымақтастыққа негіз болды.  Біз бір отбасымыз және  міндетті  түрде  бір-бірімізден үлгі  алуымыз қажет», - дей келе, -  «Орталық Азияда осындай  жоғары  білікті  мамандар мен жоғары деңгейде қамтылған кардиохирургиялық орталықтың дамуымен, кардиохирургтарды  оқыту  жаңа  деңгейге  түсті,  яғни, Орталық Азия  кардиохирургиясын еуропалық орталықтармен бір Рангқа шығара бастады», - деп атап өтті.

Жалпы, көрші елдерден екі аптаға келген кардиохирургтар Орталықтың  жоғары деңгейде қамтылуымен, кәсіби персоналының достық қарым-қатынасымен өте  жақсы  әсерде  қалды. Өзбекстаннан келген әріптестер ҰҒКО басшысы Ю. Пяны   және  оның   кардиохирургтар командасын достық нышаны іспетте Ташкент қаласындағы Вахидов атындағы Орталыққа шақырды.

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана

Рекомендуем к прочтению: