Жаңғақтар жүрек-қантамыр жүйесін қорғайды және салмақты бақылауға көмектеседі
Тәбетіңізді бақылау үшін тағам қабылдау аралығында жаңғақ жеп жүрек жалғаңыз. Жаңғақтардың жүрек-қантамыр жүйесі үшін пайдалы қасиеттері бар және дене сұңғақтығына зиян келтірмейді.
Сіз бұрынғыша сұңғақ бойыңызды жаңғақтардан алшақ ұстағыңыз келеді ме? Бұл бос әурешілік! Жақында жүргізілген зерттеулерге сай жаңғақтарды орташа көлемде тұтыну салмақты бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл өнімнен денсаулық үшін мейлінше пайда алу үшін жаңғақтардың орташа үлесін білу шарт. Жалпы алғанда, бір уыс жаңғақ, бұл, шамамен, 30 грамм – бір үлесінің көлемі.
Жаңғақтардың кейбір түрлері ғана пайдалы деп ойласаңыз, біз сіз үшін басқа жағымды жаңалық айтпақпыз! Барлық жаңғақтардың: бадам, пісте, пекан-жаңғақтар, макадамиялардың да құрамында организмге холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетін заттектер, талшықтар, қанықпаған майлар, дәрумендер, минералдар, фитостеролдар бар.
Осыған дейін zdrav.kz сайтында жаңғақтар мен зәйтүн майының қуықасты безінің қатерлі ісігінен өлім-жітімге ұшырау қаупін азайтуы туралы хабар берілгенін естеріңізге саламыз. Бұл туралы мына жерден толығырақ оқуға болады.